301
Ортағасыр мен жаңа заман суреттерімен толықтырылған
қола дәуіріндегі композиция (палимпсест)
Композиция эпохи бронзы, дополненная рисунками
средневековья и нового времени (палимпсест)
Қола дәуіріндегі мола тастарына салынған
жануарлардың бейнелері. ІІ Таңбалы қорымы
Изображения животных на камне в могиле эпохи бронзы.
Могильник Тамгалы II
ды. Мысалы, атты екі аяқты күйме арбалар жауынгер көліктің
бір түрі ретінде Қазақстан тайпаларында қола дәуірінде
б. з. д. XVI–XV ғғ. пайда болды да, б. з. д. I мыңжылдықта
салт атқа көшуге байланысты өз мәнін жоғалтты. Ер-
тоқымның, үзеңгінің, найза мен қылыштың пайда болуы б. з.
I мыңжылдығында көне түркі тайпаларының жорықтарына
қолайлы жағдай туғызды.
Сақ дәуірінің петроглифтерін «аң стилі» деген атқа
ие болған жануарлар бейнесінің өзіндік мәндері бойын-
ша оңай тануға болады. Моңғолия мен Алтайға тән «бұғы
тас» стиліндегідей Таңбалы мен Жетісудың басқа да
ескерткіштеріндегі петроглифтер б. з. д. I мыңжылдықтың
басында осы аумақты мекендеген халықтардың өзара бай-
ланысы, көші-қон жағдайы туралы хабар береді.
Таңбалы алқабы әртүрлі халықтардың құтты мекені,
қасиетті орны болған, ал сол халықтар жартасқа қашап
қалдырған жазулардың (IX–X ғғ. көне түрік сына жазуы, XVII ғ.
соңы – XVIII ғ. ортасындағы ойрат жазуы, XIX ғ. қазақ жазуы)
тарихи құндылығы айрықша.
Таңбалы петроглифтерін тұңғыш қашаған – қола
дәуірінің суретшілері, кейінгі дәуірлердегі шеберлер
сияқты жартас тапшылығын сезінген жоқ. Сондықтан
олар тастың ең кең, тегіс беттерін пайдаланған. Қола дәуірі
суреттерінің ерекшелігі олардың көлемінде: 25–30 см шама-
сында, кейбірде 60–70 см дейін және 1 м. I–V топтардың
жартастарындағы көптеген петроглифтер, бір ғана шебер
қолымен жасалғандай орындалу әдісі және нақышы бой-
ынша өзара қатты ұқсас. Бейнелердің басты кейіпкерлері
жануарлармен қатар (жабайы бұқалар, жылқылар мен
құландар, бұғылар, шошқалар мен қасқырлар) қиял-
ғажайып антроморфтық образдар болды. Олар: үстіне аң
терісін жамылған қолы бүгілген ілмек тәрізді құбыжықтар,
күрзі және әскери балта ұстаған ержүрек жауынгерлер және
басын нұр-сәуле қоршаған жоғарғы құдай.
Табиғи құбылыстарға табынған қола дәуіріндегі
тайпалардың пантеоны («барлық құдайлар») діни
ғибадатхананың ортасындағы (IV топ) ең биік жартасқа
бейнеленген. Мұнда белгілі бір тәртіппен және әрқайсысы
өзінше жеті құдайлық персонаж, ал астында әскери би билеп
тұрған он жауынгер, қолын көтеріп сыйынып тұрған және
ру адамдарының қамқоршысы – әйел бейнеленген. Мүмкін,
қола дәуірінде дүниенің құрылымын осылайша елестеткен
болар: жаратылыстың ретін сақтауды адамдармен бірге
қамтамасыз етеді деп есептелген құдайлар мен ата-бабалар
қатаң лауазымдық сипатта бейнеленген.
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
77. Комплекс Тамгалы
I...,291,292,293,294,295,296,297,298,299,300 302,303,304,305,306,307,308,309,310,311,...730