59
Теректі. Ойрат жазбасы және теке кескіндемесі
Теректы. Ойратская надпись и изображение козла
Теректі. Ойрат жазулары бар панно. Жалпы көрініс
Теректы. Общий вид панно с ойратскими надписями
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
58. Комплекс Ешкиольмес
нау мен археологиялық ескерткіштерді сақтауға орыс
қарашекпенділерін де, жергілікті тұрғындарды да тарта от-
ырып, Жетісудың көне тарихын зерттеуді жолға қоюға ты-
рысты.
1886 ж. маусымда Көксу стансасы мен Жалғызағаш
ауылының казактары Д. Кашкаров пен М. Хмылев
Жетісу әскери губернаторына: «Жалғызағаш ауылы
маңындағы Теректі сайынан өтіп келе жатып біз жазуы бар
алпысқа жуық тас көрдік» деген хабар әкелді. Казактар
басшылардың алғысымен бірге Теректі жазуының суретін
Верныйға жеткізіңдер деген тапсырма алып қайтты. Осы-
дан кейін оларды зерттеу мен Көксу алқабындағы басқа да
көне ескерткіштерді іздеуді 1899 ж. Н. Н. Пантусов қолға
алды.
«Мен Теректі сайындағы қырғыз (қазақ) қыстауының
қасындағы тастағы жазуларды суретке түсіру үшін
Жалғызағаштан салт атпен шықтым, – деп жазды ол. – Жазу-
лар пошта жолынан екі жарым верст жерде екен. Жазда мұнда
ел жоқ; сайдың бөктерінде егінші бейшара кедейлер ғана бо-
лады... Мұнда Теректі шағын өзені ағады, одан бірнеше арық
шығарылған. Жазулар тік жартасқа жазылған және оңтүстікке
қарап тұр. Жазу төртеу. Олардың біреуінде – үлкен мүйізді
тауешкі... Теректі жазуларын Шәуешек қаласында манчжур
ғалымы Джаланга оқыған. Бұл жазулардың ерекше ешнәрсесі
жоқ...» Н. С. Яхонтованың (Санкт-Петербург, Ресей) қазіргі ау-
дармасы Теректі жазуының оқылуын нақтылай түседі: солдан
оңға қарай тастың жеке-жеке төрт кеңістік бетіне тігінен ойрат
жазуымен жазылған жазудың мәні – «жоғарғы үш құндылыққа
бас иемін – ом ма ни падме хум».
I...,49,50,51,52,53,54,55,56,57,58 60,61,62,63,64,65,66,67,68,69,...730