367
азақтың ұсақ шоқылығының солтүстік-шы-
ғысын Шідерті шағын дала өзені кесіп өтеді.
Өткен ғасырдың 50-ші жж. аяғы мен 60-шы
жж. басында осы өзен арнасының негізінде
Ертіс-Қарағанды каналы салынған. Осы ай-
тулы оқиғаның алдында Қазақстан археологтары Шідерті
жағалауынан ерте темір дәуірінің қорғанды қорымдарын тап-
ты. Орталық Қазақстанның сақ дәуіріндегі Тасмола мәдениеті
Павлодар облысы Екібастұз ауданы Тортай ауылына жақын
жердегі шатқалдың атауымен аталған. Көптеген қорымдар
Сарыарқаның орталық аудандарында да танымал болды, алай-
да шідертілік олжалардың жанында олар көзге ілінбеді.
Сарыарқадағы ерте темір дәуірінің ескерткіштерін
зерттеудің алғашқы кезеңі соғыстан кейінгі жылда-
ры Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы
Ә. Х. Марғұланның жетекшілігімен жүрді. Ал бұл аймақта
сақ дәуірінің мәдениетін ашу тағы бір тамаша ғалым
М. Қ. Қадырбаевтың үлесіне тиді. Ол осы экспедиция
құрамындағы ерте темір дәуірін зерттеуші жеке отрядты
басқарып, 1959–1963 жж. Шідерті өзенінің ескерткіштеріне
қазба жұмыстарын жүргізді. Тасмола, Қарамұрын, Нұрманбет
қорымдарынан қару-жарақтар, ат әбзелдері, әшекей
бұйымдар және т. б. қоладан жасалған керемет заттар
алынған. Ол материалдар сақ дәуірінің мәдениеті жөнінде
маңызды дереккөздерге айналды.
Бұл мәдениет пен оның ескерткіштерінің ерекшелігі
қандай болған деген сұраққа былай деп жауап беруге бола-
ды. Тасмолалықтар қоғамында қола құюшы керемет шебер-
лер болған, металл өңдеу өркендеген. Тасмолалықтар темір
балқытуды білсе де, ерте дәуірде-ақ темір заттар (пышақтар,
қарғыбаулар, айылбастар) пайда болса да, материалдық
мәдениеттің барлық жетекші категориялары тек қоладан
жасалған.
Қ
еверо-восточную окраину Казахского мел-
косопочника пересекает небольшая степная
река Шидерты, по руслу которой в конце
50-х – начале 60-х гг. прошлого столетия
был проведен канал Иртыш-Караганда. В ка-
нун этого знаменательного события археологи Казахстана
сделали блестящее открытие, обнаружив на берегу Шидерты
богатые находками курганные захоронения эпохи раннего
железа. Тасмола – так по названию урочища близ села Тортуй
Екибастузского района Павлодарской области была обозна-
чена культура сакского времени Центрального Казахстана.
Многочисленные некрополи были известны и в центральных
районах Сарыарки, но шидертинские находки затмили их.
Начальный этап исследований памятников раннего
железного века Сарыарки в послевоенные годы был проведен
Центрально-Казахстанской археологической экспедицией
под руководством А. Х. Маргулана. Но честь открытия культу-
ры сакского времени в этом регионе выпала другому замеча-
С
Қола ауыздықтар. Тасмола мәдениеті
Бронзовые удила. Тасмолинская культура
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
33. Некрополи тасмолинской культуры
Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындарының атласы
33. Тасмола мәдениетінің қорымдары
I...,357,358,359,360,361,362,363,364,365,366 368,369,370,371,372,373,374,375,376,377,...586