78
Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындарының атласы
59. Түрксіб
даяр болды. Салтанатты митинг өтті, шешендер бірінен
кейін бірі сөйледі. Рельстер біріне бірі белгіленген уақыттан
17 ай ерте қосылды. Жол уақытша пайдалануға, ал 1931 ж.
1 қаңтарынан баста тұрақты пайдалануға берілді. 1930 ж.
19 сәуірде БОАК пен РКФСР ХКК «1930 жылы 1 мамырда
Түрксіб теміржолын ашу туралы» арнайы қаулы қабылдады,
онда Түрксібтің жұмысшылар ұжымы мен инженерлік-
техникалық күштерінің сіңірген еңбектері мен жетістіктері
атап өтілді және ерекше еңбек сіңіргендер Еңбек Қызыл Ту
орденімен марапатталды.
«Салынып жатқан алып социалистік құрылыстар
қатарында, – делінді қаулыда, – Түрксіб бірінші болып
аяқталды. Оның құрылысы ауыр қиындықтармен жүргізілді,
себебі, жол елдімекендер өте аз аумақтарда, құрылыс мате-
риалдары мен жұмысшы кадрларының көпшілігі тасылып
әкелінетін жағдайда, қамтамасыз етудің қиын жағдайында
атқарылды. Осындай қиындықтарға қарамастан, Түрксіб
жұмысы үкімет бекіткен жоспардағы уақыттан бір жыл
бұрын бітті; іздестіру жұмыстары да сәтімен жүргізілді және
жолдың жалпы құнын едәуір үнемдеуге мүмкіндік беретін
бірқатар өнертапқыштық шаралар жүзеге асырылды; жол
төсеу тездігі мен кейбір жасанды құрылыстар салу жағынан
үлгілі болып табылады».
Бұған дейін ешбір қазіргі заманғы жол қатынасы жоқ
1445 км созылатын аумақ бойынша өтетін Түрксіб еліміздің
кеңінен көсіліп жатқан аудандары экономикасының дамуын-
да маңызды рөл атқарды. Ол теміржол бойы аудандарындағы
өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы дамуының қуатты фак-
торы болды және Қазақстанның көптеген кәсіпорындары
мен құрылыстары үшін жұмысшы кадрларын дайындаудың
нағыз шеберханасынай айналды. Түрксіб трассасын бойлай
жүргізілген құрылыстар барысында және одан кейін жаңа
стансалық ауылдар: Жаңа Семей, Шар, Жаңғызтөбе, Жарма,
Аягөз, Бөрлітөбе, Лепсі, Матай және т. б. пайда болды.
1938 ж. Түрксібтің құрамында 7 қозғалыс бөлімшесі, 8 па-
ровоз бөлімшесі, 17 жол дистанциясы, 12 байланыс дистанция-
сы, 195станцияменразъезджұмыс істеді. 1958ж. бастап ол Қазақ
теміржол құрамына, ал 1977 ж. Алматы теміржол құрамына
енді. Осы кезде Айнабұлақ станциясында кейінгі ұрпақ Түрксіб
құрылысшыларына білдірген алғысы ретінде монумент ор-
натты. Бір-біріне қарай жоғарылай ұмтылысқан доға тәрізді
биіктігі бес метр екі бетон стела Түрксібтің Солтүстік және
Оңтүстік тармақтарын нышандап тұр. Олардың ортасына
тігінен екі темір жол рельсі құрастырылған. Олардың жоғарғы
жағы үлкен теміржол шегесімен бекітілген. Монументтің
сиб заканчивается первым. Постройка его была сопряжена
с огромными трудностями вследствие того, что дорога про-
водилась по малонаселенной территории при привозных в
большинстве строительных материалах и рабочих кадрах,
при трудности снабжения и т. д. Несмотря на эти трудности,
срок окончания Турксиба сокращен на год против утверж-
денного правительством плана; удачно проведены изыска-
тельские работы и осуществлен ряд рационализаторских ме-
роприятий, давших значительную экономию в общей стои-
мости дороги; быстрота укладки пути и постройка некото-
рых искусственных сооружений являются примерными».
Протянувшись на 1445 км по территории, где до это-
го отсутствовали какие-либо современные пути сообщения,
Турксиб сыграл важную роль в развитии экономики обшир-
ных районов страны. Он явился мощным фактором разви-
тия промышленности и сельского хозяйства в прилегающих
к железной дороге районах и стал кузницей рабочих кадров
для многих предприятий и строек Казахстана. Вдоль трас-
сы Турксиба в ходе строительства и после появились новые
станционные поселки Жана-Семей, Чарская, Жангиз-Тобе,
Жарма, Аягуз, Бурлю-Тобе, Лепсы, Матай и др.
В 1938 г. в составе Турксиба функционировали 7 отде-
лений движения, 8 паровозных отделений, 17 дистанций пу-
ти, 12 дистанций связи, 195 станций и разъездов. С 1958 г. он
вошел в состав Казахской железной дороги, а с 1977 г. – Алма-
тинской железной дороги. Тогда же на станции Айнабулак бла-
годарные потомки установили монумент строителям Туркси-
ба. Две устремленные ввысь дугообразные монолитные бетон-
ные стелы высотой в пять метров символизируют Северную
и Южную ветви Турксиба. Между ними вертикально вмонти-
Жетісу (Жоңғар) Алатауындағы Қызылауыз таулары
Горы Кызылауыз. Жетысуский (Джунгарский) Алатау
I...,68,69,70,71,72,73,74,75,76,77 79,80,81,82,83,84,85,86,87,88,...730