181
емей қаласынан 180 км жерде, Шыңғыс
тауындағы Жидебай шатқалында және Шы-
ғыс Қазақстан облысы Абай ауданы Қарауыл
ауылынан 25 км жерде қазақ халқының ұлы
ойшылы Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының
(1845–1904) қыстауы сақталған. Мұнда ол тобықты
руының старшыны Құнанбай Өскенбайұлының (1804–
1886) үйелменінде дүниеге келді.
Абайдың әкесі Құнанбай өз ағайын-туыстарының
арасында үлкен сый-құрметке ие болды. 1849 ж. ол
Қарқаралы округінің аға сұлтандығына сайланды. Қазақ
даласына Польшадан жер аударылып келген Адольф
Янушкевич 1846 ж. би туралы былай дейді: «...Құнанбай
дала төсіне әйгілі адам. Ақылды, парасатты, сөйлеу мен
есте сақтау қабілеті ерекше, іскер, ағайын-туыстарына
қамқоршы, шариат заңдарын, сондай-ақ дала заңдары
мен қырғыздарға қатысты Ресей заңдарын жетік білетін
қарапайым қазақтың ұлы. Оған шалғай ауылдардан кеңес
сұрап үлкені де, кішісі де, байы да, кедейі де келеді. Оны
о дүниеге алып кете жаздаған шешек ауруының дақтары
болмаса, кезінде өңді жігіт болған; беріле айтқан әңгімесін
тыңдаған адам оның қорқынышты түріне де көңіл аудар-
майды. Қайта оның осы бет-әлпетінің өзі жерлестері ал-
дында сый-құрмет туғызатын еді».
Болашақ ақын анасы Ұлжан оны басқа балаларынан
ерекше көріп, азан шақырып қойған Ибраһим деген атын
айтпай Абай деп атаған. Ол қазақ қоғамына осы есімімен
танылды.
Алғашқы білімді Абай ауыл молдасынан алды, онан
кейін әкесі Құнанбай оны Семейдегі имам Ахмет Риза
медресесіне оқуға берді. Медресе қабырғасында жүріп
Абай түрік, араб, парсы тілдерін үйреніп, шығыс әдебиетінің
классиктері – Фирдоуси, Низами, Саади, Хафиз, т. б. жырла-
С
Чингисских горах на урочище Жидебай в
180 км от города Семипалатинска и в 25 км
от аула Караул Абайского района Восточно-
Казахстанской области сохранилась родо-
вая зимовка выдающегося казахского поэта
и просветителя, основоположника письменной казахской
литературы Абая (Ибрагима) Кунанбаева (1845–1904). Здесь
он появился на свет в семье старшины рода тобыкты бия
Кунанбая Ускенбаева (1804–1886).
Отец Абая Кунанбай пользовался большим уважени-
ем и авторитетом среди сородичей и в 1849 г. был избран
старшим султаном Каркаралинского окружного прика-
за. Польский ссыльный Адольф Янушкевич, в 1846 г. по-
сетивший аул почтенного бия, весьма лестно отозвался о
нем: «…Кунанбай, это тоже большая знаменитость в степи.
Сын простого киргиза, одаренный природoй здравым рас-
судком, удивительной памятью и даром речи, дельный, за-
ботливый о благе своих соплеменников, большой знаток
степного права и предписаний Алкорана, прекрасно зна-
ющий все российские уставы, касающиеся киргизов, судья
неподкупной честности и примерный мусульманин, плебей
Кунанбай стяжал себе славу пророка, к которому из самых
дальних аулов спешат за советом молодые и старые, бедные
и богатые. Когда-то он был красивым мужчиной, нынче на
его лице следы оспы, несколько лет назад чуть не унесшей
его в могилу как Мирабо; во время вдохновенной речи он
заставляет слушателей забыть о своем страшном обезобра-
женном лице. Эти жестокие последствия страшной болезни
всякий раз пробуждают в нем сладкие воспоминания о со-
чувствии земляков, которое может дать тебе доказательства
его заслуг и значения».
Мать будущего поэта Улжан выделяла его из числа
других детей и имя Ибрагим, нареченное Кунанбаем, заме-
В
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
13. Заповедник-музей Абая «Жидебай-Борли»
Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғ , тарихи және әдени ескер кіштері мен көрнекті орындарының тласы
13. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайы
I...,171,172,173,174,175,176,177,178,179,180 182,183,184,185,186,187,188,189,190,191,...586