191
Қарауыл өзені маңындағы шөбі шүйгін өңір еді. Бұл жер-
ге ол шаруашылық құрылыспен бірге үй салды. Құнанбай
ұлы Оспан үйленген соң Жидебайдағы қыстауды соған
қалдырып, өзі Ақшоқыға көшті. 1892 ж. Оспан өлгеннен
кейін мұнда Абай көшіп келді.
Абай бірден қыстауды тұрмыс-тіршілікке жай-
лы да қолайлы жасауды ойлайды. 1895 ж. ақын Семей-
ден құрылысқа керек жабдықтарды алдырды. Жаңа үйді
әртүрлі қосалқы құрылыстарымен бірге салдырып, үйдің
бастапқы қалпын мүлдем өзгертті. Жаңа тұрғын үй мал
қорадан 300–400 м алыстау жерге салынды; бұл жерде
кезінде малшыларға арналған үй болған.
Тұрғын үй мен қора-қопсы Абайдың өз жоспарымен
салынды. Үйде екі үлкен қазаны бар ас үй, қонақ үй, жұмыс
бөлмесі, кіре беріс және жары Еркежанның бөлмесі болды.
Ортақ дәліз төбесіне екі терезе салынды, тура осындай тағы
бір дәліз кірер есікке апарады.
Сонымен қатар Абай үйінде төрт ілгіш-діңгегі бар
ас дайындауға арналған арнайы шошала, жанында етке
арналған қойма болды. Үй сыртында төбесі жабық таран-
тас пен шана тұратын орын салынды.
Абай қайтыс болғаннан кейін Жидебай қыстауы
оның немересі Әубәкірдің қолына көшті.
Кеңес өкіметі Абай үйіне де ұмыт қалдырған жоқ.
1925–1929 жж. оны дүкенге айналдырса, 1930 ж. қабырғаның
біраз бөлігін, төбені, залды, шошала мен қойманы бұзып тас-
тады. Ақыр соңында Абай үйі түйе мен сиыр ұстайтын мал
қорасына айналды.
1945 ж. Абай өмір сүрген Жидебай қыстауы қайта
қалпына келтірілді. Ақынның туғанына 100 жыл толуына
орай Мемлекеттік әдеби-мемориалды мұражайдың Абай
бөлімшесі (Семей қаласы) ашылды. Бөлімше құрамына Абай
мен оның туыстарының денелері жатқан үй-мұражай мен
мемориалды кешен кірді.
1971 ж. Абай үйі қайта жөндеуден өтті. Оның жи-
ен немересі Әрхам Ысқақов пен оның замандастарының
көмегімен ақынның үйі өзі тірі кезіндегідей қалпына келтірілді.
Абайдың үй-мұражайындағы 6 бөлме мен 2 дәлізге
жайылған негізгі экспозиция ақын-ағартушы мен оның
айналасындағылардың өмірі мен шығармашылығын та-
ныстырады. Соның бірі араб, парсы, түрік және орыс
тілдерінде жазылған кітаптардан тұратын үлкен кітапхана.
Күміс жалатылған белдік, күміс қалта сағат, дойбы ойнай-
тын тақта, тоғызқұмалақ, аңшы мылтықтары, ескілікті
ағаш жиһаз – осының бәрі ақынның жеке дүние-мүлігі.
Шошала. Мұражай экспонаты
Шошала – помещение для хранения мяса в зимнее время.
Экспозиция музея
Шаруашылық аула. Мұражай экспонаты
Хозяйственный двор. Экспозиция музея
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
13. Заповедник-музей Абая «Жидебай-Борли»
I...,181,182,183,184,185,186,187,188,189,190 192,193,194,195,196,197,198,199,200,201,...586