297
Қола дәуіріндегі Садчиковское қонысы
маңындағы Тобыл өзені
Река Тобол у поселения эпохи бронзы Садчиковское
Тобыл өзенінің оң жағалауындағы Садчиковское қонысының
мәдени қабаттары көрінетін жарқабақ. Қола дәуірі
Обрыв правого берега реки Тобол с видом культурного
слоя поселения Садчиковское. Эпоха бронзы
Садчиковское қонысына 1948 жылы жүргізілген қазба
жұмыстарының қазіргі көрінісі
Современный вид раскопа 1948 года на поселении Садчиковское
туы бойынша сол үшін өңделген жануарлардың сүйектері
барлық жерден кездеседі.
Зираттан табылғандардың біреуінің негізінде
андроновтық дәуіріндегі әйелдің бас сүйегі қалпына
келтірілді. Бұл тамаша жұмыс өз ісінің асқан шебері кеңестік
антрополог М. М. Герасимовтың қолымен жасалды, То-
был маңынан шыққан андроновтық әйелдің бет пішіні мен
антропологиялық типі тұңғыш рет жасалды.
Өкінішке орай, Алексеев мәдени кешен аумағы
сақталмады. Құрылыс үшін құм дайындайтындар зираттың
өзін бүлдіріп жіберген.
Андронов кезеңінің дәл осындай ескерткіші
Тобыл-дың оң жағасындағы Қостанай облысынан бір
шақырым-дай жердегі Садчиковское қонысынан табыл-
ды. Оның тұрғындары Алексеев қонысының көршілері әрі
замандастары болды. Садчиковское қонысынан андро-
нов мәдениеті үшін алғаш рет керемет бұйым табылған,
оның неге арналғандығы қазірге дейін талас тудырып
келеді. Ол – аттың алдыңғы тұяғынан әзірленген коньки
деп аталатын бұйым. Оның астыңғы жүзі теп-тегіс, үсті
мұз бетіндей жылтыратылған. Кейінірек мұндай конь-
ки тері өңдеу мен жылтыратып өңдеу құралы ретінде
пайдаланылған.
Лисаковский округінде (Лисаковск қаласы, Қостанай
облысы) орналасқан басқа да Андронов ескерткіштері ар-
хеолог 20 жылдан бері Э. Р. Усманованың басшылығымен
зерттеліп келеді. Бұл жерден алынған бұйымдар Жоғарғы То-
был маңы тарихы мен мәдениеті Лисаковск мұражайының
негізін құрады. Лисаковск археологиялық аумағына 7 зи-
раттар тобы мен бір қоныс кіреді. Оның ескерткіштерінің
едәуір тығыздығы бұл жерді ертедегі тайпалар өздері
тіршілік ету үшін таңдап алғандығы кездейсоқтық еместігін
көрсетеді: осы жердегі суы мол Тобыл өзенінің жағалауында
шұрайлы жайылымдар мен аса құнарлы жерлер болған.
Қола дәуірінің төрт жүздей қыш ыдысы табылды, ал
алтын зергерлік бұйымдар коллекциясы – Еуразиядағы
андроновтық жиналымдардың ішіндегі ең қомақтыларының
бірі. Сондай-ақ жерлеу камераларынан ағаш құрылыстары,
киім тоқу жұқаналары және өте сирек жағдайда кездесетін
ағаш пұт табылды.
Зираттар аумағында жерлеу құрылыстарының екі
түрі белгілі болды: қорған-қоршау және қоршау. Қорған-
қоршаудың құрамына жерлеу орны, оны айналдыра
қалаған тас қоршау және қоршауға жақын қазылған ор,
бәрінен биік тұрған үйген топырақ енді. Ал жай қоршауда
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
25. Бронзовый век Верхнего Притоболья
I...,287,288,289,290,291,292,293,294,295,296 298,299,300,301,302,303,304,305,306,307,...586