469
Кент тауындағы «Тасбақа» жартасы
Скала «Черепаха» в горах Кента
Кызылкеніш өзені алқабы
Вид на долину реки Кызылкеныш
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
43. Каркаралинский природный парк
қамалдың қираған үйіндісіне, басқа да ғимараттарға ұқсап
кететін таңғажайып көріністер көптеп кездеседі. Олар-
ды қираған үйінділер деп атап кеткен. Граниттерден басқа
ортаңғы және төменгі палеозой кезеңіндегі вулканогенді,
метаморфтық және шөгінді жыныстар кездеседі. Олардың
жасы 350–450 миллион жылға тең.
Ұлттық саябақтың климаты континентальды. Қазіргі
кезде ауаның орташа жылдық температурасы – 2,5
0
С. Атмос-
фералық жауын-шашынның жылдық нормасы – 300 мм. Аяз-
сыз кезең – 120 тәуліктей, қараша-сәуір аралығында жерде
қар жатады.
Тауларда бастаулар мен бұлақтар өте көп. Осы ара-
дан шағын-шағын өзендер бастау алады. Олардың ішіндегі
белгілілері – Қарқаралы, Жарым, Жарлы. Керемет көрікті
көлдер де баршылық, олар: Шайтанкөл, Кеңдала, Үлкенкөл
және басқалар. Әрқайсысының аумағы бір шаршы кило-
метрге де жетпейді.
Жақында Кенттің қарағайлы орман сілемінің бір
ылғалды жерінен қатқан тоң кездесті. Ол – жылдың жылу
кезінде еріп үлгермеген қысқы маусымнан қалған жер қабаты.
Тоң бұрын Қарқаралы тауларына жақын жатқан саздар-
дан, сондай-ақ оңтүстік пен солтүстікке қарай маңайлардан
табылған. Тоң – жер қабатының және тау жыныстарының
көп жылғы тоң болып қатуынан қалған қалдықтар. Ауа
температурасының орташа жылдық төмендеуі 2–3
0
С болған
жағдайда саябақтың ылғалды, қары аз және көлеңкелі
жерлерінде мәңгілік тоңның пайда болуына алып келеді.
Ортағасырларда, Кіші мұздық деп аталатын кезеңде, яғни
бұдан 300–500 жыл бұрын осындай тоң қату үдерісі болған
да сияқты.
Таулардың негізгі байлығы – ормандар. Граниттік
сілемдерде сиректеу болса да қарағайлы орман өседі.
Аңғарлар мен тау аралығындағы шатқалдарда орман қоюлау
болады. Кейде жеке-дара қарағайлар гранит сілемдеріндегі
жартастардың жарықтарына тамыр жайып өсіп тұрғанын
көруге болады. Тастардың жарығына тереңдей еніп кеткен
тамырлар қарағай діңін берік ұстайды. Ең үлкен ағаштың
ұзындығы 20 м, кейбіреуінің жасы 250 жылға жетеді.
Саябақта 268 өсімдік түрі бар деп есептеледі. Кәдімгі
қарағайдан басқа ылғалды ойпаттарда жапырақ-бүрлері
үлпілдеген қайың түрі мен көктерек және қара қандағаш
өседі. Әдетте қайың мен көктерек қарағаймен араласып
өседі, кейде өздері жеке шоғыр болып өсіп тұрады. Мұнда
солтүстік реликті өсімдіктер өте көп. Олар: мойыл, таңқурай,
бүлдірген, қарақат, қырықбуын, грушанка. Мұндағы
I...,459,460,461,462,463,464,465,466,467,468 470,471,472,473,474,475,476,477,478,479,...586