479
Жұмыртқа тәрізді бұйымдар (нақты анықтамасы белгісіз).
Тас. Кент қонысы. Біздің заманымызға дейінгі XII–IX ғасырлар
Предметы яйцеобразной формы (точное назначение
неизвестно). Камень. Поселение Кент. XII–IX века до нашей эры
«Хрусталь жұмыртқа». Жұмыртқа тәрізді бұйым (нақты
анықтамасы белгісіз). Тау хрусталі. Кент қонысы.
Біздің заманымызға дейінгі XII–IX ғасырлар
«Хрустальное яйцо». Предмет яйцеобразной формы из горного
хрусталя (точное назначение неизвестно).
Поселение Кент. XII–IX века до нашей эры
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
44. Поселение Кент
латын үш қоршау болды. Қоныстың сырт аймағында
тұрған олар көлемі, пішіні мен құрылымы жағынан әдеттегі
тұрғын үй мен шаруашылық құрылыстарынан өзгеше бол-
ды. Қоршаулардың бірінде, тастан қаланған шеңберде ағаш
бағананың түбірі сақталды. Және қасынан, күлді қабаттан
сүйек пен мүйізден бұйымдар, саздан жасалған моншақтар,
қола оқсауыттар, қаңылтыр белгілер табылды. Оған жақын
жерден пышақ, біз, жебенің ұштығы, шот балта, дәнүккіштің
сынықтары табылды. Бұл заттардың бәрі де құрбандық
дүниелері екеніне дау жоқ. Қоршауда діни рәсім өткізген бо-
луы мүмкін. Оның ортасы көне заманғы дүниеге көзқарастың
басты архетипінің бірі болған «Әлемдік бағананың» нышаны –
ағаш бағана секілді. «Үлкен қоршаудың» өзіндік киелі мәні
ғибадатханаға ұқсады, онда абыздар құлшылық еткен, оның
жұмбақ мәні тек беғазылықтардың өздеріне ғана түсінікті
болса керек.
Кент қонысының мәдени қабатынан табылған
остеологиялық (сүйек) материалдар оның тұрғындары сиыр,
жылқы, ұсақ мал өсіріп, ит асырағанын көрсетеді. Жабайы
аңдардан киік, қабан, құлан, марал, бұлан, қасқыр, қарсақ ау-
лады; үй жануарларының ішінде жылқы мен қойды көбірек
өсірді, сонымен қатар көшпелі малшылыққа тән болмаса
да, сиыр көп болды. Тұтастай алғанда шаруашылық жар-
тылай көшпелі сипатқа ие болып, көшпелі өмір тәжірибесі
жинақталды.
Кейінгі қола дәуірінде малды жайылымда баға ба-
стады. Кенттік беғазылықтар жайылымды қыстық және
жаздық деп екі бөліп пайдаланды. Қыс кезінде мал шатқал
ішіне бағылса, жазда ұзатып жаю үшін далалық жайылымдар
пайдаланылды. Қазақ дәстүріндегі қыстау, жайлау дегендер
осыдан шыққан.
Мал шаруашылығы ет, сүт, май өндіруге мүмкіндік
берді. Жүн мен терілерді киім мен тұрмысқа қажетті
бұйымдар әзірлеу үшін өңдеді. Үй жануарлары мен жабайы
аңдардың мүйізі, сүйегі әртүрлі бұйымдардың басты шикізаты
болды. Мал шаруашылығы негізгі бағыт болғанымен ола жер
өңдеумен де шұғылданды. Бірақ оның экономикадағы үлес
салмағы аз еді. Осыған қарамастан қола орақ, кетпен, тас дән
үккіштер Кент тұрғындарының астық өнімдерін жинағанын
дәлелдейді.
Кентте қолөнершілер орамы болды. Сол жағадағы
алаңқайдан металл өндірісінің іздері байқалады. Көптеген
темір қождары олардың темірді де пайдалануға бет алғанын
танытады. Үш пештің қалдықтарын тазалағанда, оның
әрқайсысында тас пен тақтадан жасалған көлденең түтін
I...,469,470,471,472,473,474,475,476,477,478 480,481,482,483,484,485,486,487,488,489,...586