502
Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындарының атласы
1. Кенді Алтай
46. Орта ық Қазақстандағы қола дәуірінің қоныстары
қорытындысы бойынша Милықұдықта кенді іздеп табудағы,
мыс, қалайы, темір, алтын, күміс балқытудағы, сондай-ақ
оларды өңдеудегі адамның өндірістік әрекетін дәлелдейтін
және қола дәуірінен кейінгі ортағасырға дейінгі ірі мәдени
қабатын сақтап қалған. Мұнда металлургтер көптеген
кен орындарынан кен өндірген. Олардың арасындағы ең
ірі кен орны – Кресто, 18 м кенді деңгей жиегінде ежелгі
кеншілердің, ұзындығы 750 м, ені 50 м және тереңдігі 8 м-ге
дейінгі қазбалары болған.
Көптеген ежелгі қазба орындарымен қоршалған Атасу
ықшам аудандары – 1 Атасу, 2 Атасу (Ақмұстафа), Мыржық,
Ақмая қоныстарының да маңызы кем емес. Мұнда металл
балқыту мен металл өңдеу, кен өндірудің қалыптасқан
жүйесін ұйымдастырған адамдардың үлкен топтары өмір
сүрген. Ежелгі металлургтардың өмірі мен тұрмысын қоныс
құрылысы көрсетеді. 1 Атасу қонысының тұрғынжайлары
дөңгелек жүйемен салынған: ортасында үлкен үй мен
шаруашылық құрылыстары, ал айналасында – 23 құрылыс.
Мыржықтың 37 құрылысы ауылдың орталық бөлігінен өтетін
кең көшелермен бөлінген. 2 Атасу қонысын өзенді бойлай
созылған екі қатар құрылыс құрайды. Сарыбұлақ кенішін қазу
жұмыстары нәтижесінде археологтар 1 Атасу қонысының
ыдысына ұқсас қыш тапқан. Бұл қоныстар ежелгі кен орын-
дарымен тікелей байланысты екеніне дәлел болды. 1 Бұғылы
қонысы ірі көлемімен ерекшеленеді. Мұнда жүзге тарта
құрылыс – тұрғын үйлер, малға арналған қоршаулар, кен
балқыту және металл өңдеу шеберханалары, ғибадатханалар
анықталды.
Орталық Қазақстанның ірі қоныстарының бірі –
Шортандыбұлақ. Оның 38 құрылысы орталық ашық алаңмен
дөңгеленетін жоспармен салынған. Басқа қоныстарға
қарағанда, мұнда барлық үйлер ағаштан салынған, тек
ғибадатхана мен металл өңдейтін шеберхана ғана тастан
қаланған. Қазба жұмыстары кезінде балқытылған пеш
маңайындағы темір кенінің кесектері мен қызыл сарғыш
темірден тұратын көптеген қождар үлкен қызығушылық
туғызды. Археологтар мұнда мыстан басқа, ежелгі кен
қазушылар жақын жерде орналасқан Алабұға кен орнынан
өндірген темір кендері де балқытылған деген пікірге келді.
Сондай-ақ Қарқаралы қаласы ауданындағы үш
қонысты қазу жұмыстары барысында көптеген металлур-
гия құралдары, үлкен қола пышақ және басқа да заттар та-
былды, олардың арасында салмағы 8 кг кесек қола болған.
Аумағы 25–30 га Кент алғашқы қала типті ірі қоныс
болып табылады, онда мыс пен темір балқытылған.
бронзы до позднего средневековья и свидетельствующих
о производственной деятельности человека по добыче
руды, плавке меди, олова, железа, золота, серебра, а также
их переработке. Здесь металлурги добывали руду в много-
численных рудниках. На самом крупном из них – руднике
Кресто с рудоносным горизонтом 18 м имелись выработки
древних рудокопов длиной 750 м, шириной 50 м и глуби-
ной до 8 м.
Не менее значительны поселения Атасуского ми-
крорайона – Атасу 1, Атасу 2 (Акмустафа), Мыржик, Акмая,
окруженные многочисленными местами древних вырабо-
ток. Здесь проживали большие коллективы людей, органи-
зовавших слаженную систему добычи руды, выплавки ме-
талла и металлообработки. Об упорядоченном характере
жизни и быта древних металлургов говорит и застройка
поселений. Так, жилища поселения Атасу 1 выстроены по
круговой системе: в центре площадка с большим домом и
хозяйственными постройками, а вокруг 23 постройки. На
поселении Мыржик 37 сооружений разделены широкой
улицей, которая проходила через центральную часть по-
селка. Планировочную основу поселения Атасу 2 состав-
ляют два ряда строений, вытянутых вдоль берега реки. В
результате раскопок на руднике Сарыбулак археологами
найдена керамика, сходная с посудой поселения Атасу 1.
Это стало прямым доказательством связи этих поселений с
древними рудниками. Поселение Бугулы 1 отличается сво-
им крупным размером. Здесь выявлено около ста постро-
ек – жилые дома, загоны для скота, мастерские для плавки
руды и обработки металла, святилища.
Одним из крупных поселений Центрального Казах-
стана является Шортандыбулак. Его 38 построек возведены
по круговой планировке с открытой центральной площадью.
В отличие от других поселений здесь все дома имели дере-
Кен ұнтақтайтын (шағатын) тас түйгіштер. Қола дәуірі
Каменные молоты для дробления руды. Эпоха бронзы
I...,492,493,494,495,496,497,498,499,500,501 503,504,505,506,507,508,509,510,511,512,...586