566
Теректі әулие. 3 топ. Жылқы бейнелері. Қола дәуірі
Теректы-Аулие. Группа 3. Изображения лошадей. Эпоха бронзы
Теректі әулие. 3 топ. Жылқылар мен бұқаның суреттері. Қола дәуірі
Теректы-Аулие. Группа 3. Изображения лошадей и быка. Эпоха бронзы
петроглифтердің саны да көп, тақырыптық тұрғыдан да
мейлінше алуан түрлі. Жануарлардың басым көпшілігі
жылқы болса, айыр өркешті бірнеше түйе, екі өгіз, бұғы, құс
(дуадақ) бейнесі және ат тұяғының төрт ізі, бірнеше ешкі,
арба, сызықтар мен тостаған бітімдес шеңберлер кездеседі.
Ешкі мүсіні бейнеленген 2-ші тас бетінен өзге жерлердің
барлығында да жылқы бейнесі көбірек.
Еңісті кең жазықтықта негізінен жылқы бейнесі
түсірілген 80-нен астам нақышты өрнек сақталған, мұндағы
тас бетінің жоғарғы жағы арқылы зияратшылар түсетін
беті жылтыраған енсіз жол өтеді. Жазық беткейдің батыс
бөлігінде анық бейнеленген ондаған жылқы мүсіні жатыр,
оның ішінде Кангджа-Шимендзыдағы (ШҰАА, ҚХР) осыған
ұқсас композицияны еске түсіретін қос айғырдың шайқасқан
сәті көрсетілген ғажайып бейне де бар; шығыс бөлігінде
тастардың табиғи текстурасы бойынша тек бүйір жағынан
ғана анықталатын жылқы, түйе, бірнеше ешкі сұлбасы мен
тостаған тәрізді сызықты мүсіндер орналасқан. Картина
ортадағы 3 мүсін: Сейма-Турбино дәстүріндегі екі жылқы,
олардан кейін сақ-сібір стиліндегі үлкен контурлы бейнемен
аяқталады.
Диаметрі 35 см болып келетін, түйе мүсініне ұқсас
шеңберден әуелі солтүстік-шығысқа қарай тартылып, со-
нан соң қайта оралатын, бірінің ұзындығы 5 м, екіншісінің
ұзындығы 2,5 м екі сызығы бар, композициясы күрделі 2-ші
топ кейінгі төбенің төменгі беткейлеріне қарай орналасқан.
Осынау жұмбақ мүсіннің батыс жағында зияратшылар
жүретін тағы бір жылтыр жол жатыр.
3-ші топ зираттар кешенінің қарсы бетінде көлденең
созылып жатқан төбеде жайғасқан. Он жартас беттеріне
Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындарының атласы
1. Кенді Алтай
52. Теректі әулие кешені
I...,556,557,558,559,560,561,562,563,564,565 567,568,569,570,571,572,573,574,575,576,...586