170
«Мешіт және Семейдің ішкі көрінісі».
Н. Н. Каразиннің суретінің гравюрасы. 1884 жыл
«Мечеть и внутренний вид Семипалатинска».
Гравюра по рисунку Н. Н. Каразина. 1884 год
Қос мұнаралы мешіт. 1862 жыл.
ХІХ ғасыр соңындағы фотосурет
Двухминаретная мечеть. 1862 год.
Фотография конца XIX века
Қос мұнаралы мешіт. 1862 жыл. Казіргі көрінісі
Двухминаретная мечеть. 1862 год. Современный вид
1776 ж. Семипалат бекінісі жаңа ыңғайлы жерге
көшіріліп, 1782 ж. Колыван губерниясының уездік қаласы
болды, бір жылдан кейін қала Семипалатинск аталды. 1851 ж.
Ресей өкіметі «Көкшіл кеңістік тақтаға алтын түспен үстіне
жүк артылған түйе, оның жоғары үстінде күміс ай және
бесбұрышты жұлдыз бейнеленген, алтын тәжімен шектелетін
тақтасы» бар қала таңбасын (герб) бекітті.
1854 ж. революцияға дейін, одан кейін 72 жыл Кеңес
өкіметі тұсында Семей қаласы облыс орталығы мәртебесіне
ие болды, ал Қазақстан Республикасының тәуелсіздік
алғаннан кейін облыстарды біріктіруге байланыс-ты 1997 ж.
Шығыс Қазақстан облысының құрамына кіреді.
1764 ж. XX ғ. басына дейін Қазақстан аумағындағы
ірі сауда-экономикалық орталық болды және Ресейдің
Бұхар хандығымен, Қытаймен, Ташкент иеліктерімен,
кейіннен Қоқан хандығы мен Шығыс Түркістан (Шыңжаң-
Ұйғыр автономдық ауданы, ҚХР) арасындағы ескі керуен
жолдарының тоғысында сауданың дамуына үлесін қосты.
Осыған байланысты қалада ХVІІІ ғ. екінші жартысынан
бастап қала аумағында көптеген ортаазиялық саудагерлер,
қазандық және сібір татар саудагерлері мен орыс көпестері
тұратын «татар слободасы» пайда болды. Сауда керуендері
Орта Азия хандықтары мен Қытайды араласа, жергілікті
көпестер мен көпес серіктестіктері қазақ көшпенділерімен
айырбас саудасын жасады.
Қазақ даласының Қытай мен Моңғолияға баратын
ескі керуен жолының шығысында орналасқан Семей көп-
Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындарының атласы
12. Семей қаласы
I...,160,161,162,163,164,165,166,167,168,169 171,172,173,174,175,176,177,178,179,180,...586