568
4-ші топ төбенің ең шеткі батыс жағында, төбеден
шығысқа қарай созылып, көлбеу жатқан екі жартаста.
Мұндағы бедерлер нашар сақталған; бас-аяғы 10–15 ат
мүсінінің 1-ші топ пен 3-ші топтағы мүсіндердің стиліне
ұқсастығы байқалады.
Теректі әулиедегі петроглифтердің басым көпшілігі
кекіл секілді тұмсығына дейін түсіп тұратын үлкен жалы
бар жылқылар. Бұл иконографиялық ерекшелік б. з. д.
1700–1500 жж. Сейма-Турбиноның көркемдік металло-
пластикасымен белгілі бір стильдік байланыс бар екендігін
аңғартады. Теректі әулиедегі бейнелердің көпшілігінің
стильдік біртектілігі – оны осы көркемдік дәстүрді
ұстанғандардың жасаған жұмысы деп бағалауға мүмкіндік
береді.
Қола дәуірінің өзге де стильдерімен бірге Сейма-
Турбино типінің стилі Теректі әулиенің батыс жағында
200 шақырым жерде жатқан Байқоңыр кешенінің
петроглифтерінде кездеседі, сондай-ақ осы стильде жасалған
кейбір бейнелерді сирек те болса Қаратау мен Шу-Іле таулы
өңірлерінен табуға болады. Бұл да б. з. д. ІІ мыңжылдық ішінде
қазіргі Орталық Қазақстан өңірі Орал металлургиялық
өлкесінің құрамдас бөлігі болғанын меңзесе керек.
Ұлытау өңірінде Теректі әулие археологиялық
кешені қоныстарының, қорымдары мен петроглифтерінің
түп иесі деуге болатын тайпалардың, яғни епті металлург-
тер мен жауынгерлердің пайда болуы, орманды-далалық
қауымдардың Орталық Азияның (Алтай мен Орталық
Қазақстанның) мысты-қалайылы кен орындарын игеріп,
металл саудасына араласқандығын айғақтайды, соның
нәтижесінде мыс пен қалайы өндірісі дүниеге келіп, металл
өңдеу ісі аса жоғары техникалық және эстетикалық шеберлік
деңгейіне дейін жетілдірілді. Сібірлік бұл қауым Тобыл мен
Есіл бойымен өрлей отырып, Ұлытауға дейін жетті.
Жалпы алғанда, Теректі әулие петроглифтер кеше-
нінде қола дәуірінің жылқысын бейнелеу әдісіндегі екі түрлі
стильді бөле-жара көрсетуге болады.
Алғашқы стиль бойынша салынған жылқы бейне-
лерінің көлемі айтарлықтай үлкен (70 см-ге дейін); таңба
түсіруге қолайлы төбедегі жазық жердің ең ортасында тұрған
бұл бедерлерде шомбал денелі, жұмыр мойынды, танауы
мен төменгі жақ сүйегі көрсетіліп, аяқтары аздап бүгіліп
тұрған, өте келісті де әсем және әдеттегідей еркек-ұрғашысы
көрсетілмеген жануарлар сомдалған. Айыр өркешті түйе
мен өгіз мүсіндері де осындай мәнерде жасалған; табан
ізі түсірілген петроглифтер де осы топқа жатуы ықтимал.
лие; редкие изображения в этом стиле найдены также в Ка-
ратау и Чу-Илийских горах. Очевидно, в течение II тыс. до н.
э. Центральный Казахстан был составной частью Уральской
металлургической области.
Появление в регионе Улытау этих племен – умелых ме-
таллургов и воинов, – к которым можно отнести поселения,
могильники и петроглифы археологического комплекса Те-
ректы-Аулие, знаменует приобщение лесостепных сообществ
к разработке медно-оловянных залежей Центральной Азии
(Алтая и Центрального Казахстана) и торговле рудой, что по-
влекло создание оловянно-бронзового производства и усо-
вершенствование металлообработки до уровня высочайшего
технического и эстетического мастерства. Эти сибирские со-
общества могли добраться до региона Улытау, двигаясь вверх
по течению рек Тобол и Ишим.
В целом, в комплексе петроглифов Теректы-Аулие вы-
деляется два стиля изображения лошадей эпохи бронзы.
Первый характеризуется большими размерами изо-
бражений лошадей (до 70 см); эти гравюры занимают луч-
шую центральную часть плоскостей, изображают животное с
массивным телом, округлой шеей, выдающейся гривой, обо-
значенными ноздрями и подчеркнутой нижней челюстью,
слегка изогнутыми ногами и очень пластичным, элегантным
контуром, как правило, без выделения пола животного. Таким
Теректі әулие. 1 топ. Текелер бейнеленген композиция. Қола дәуірі
Теректы-Аулие. Группа 1. Композиция с изображениями козлов.
Эпоха бронзы
Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындарының атласы
1. Кенді Алтай
52. Теректі әулие кешені