198
тәрізді жапырақтармен безендірілген дөңгелек әшекейлер
табылды.
Үлкен және кіші қоршаулар арасындағы алаңқай
ошақ орны болғандығы анықталды. Қалыңдығы 15–20 см
күл аралас топырақ қабаты соның дәлелі. Екі қоршауды
зерттеу нәтижесіне қарағанда бұл жерде қайтыс болған
адамды өртеу ғұрпы жүргізілгенге ұқсайды.
Көне түріктер отқа ерекше мән берген. Ежелгі
түріктердің көзқарасы бойынша, мәңгілікке аттанған
адам бұл дүниедегі өзінің күнәларынан отпен тазалануы
қажет. Олар тек отпен аласталған адамның жаны ғана жай
табады деп сенді. Ежелгі түріктерде бұл сенімнің күшті
болғандығы сонша, тіпті ислам діні тарағаннан кейін де
отқа табыну ғұрпының кейбір элементтері сақталды. Бұл
тұста қазақ халқында да отқа қатысты дәстүрлердің тым
ерте кезден қалыптасқанын атап өту керек. Кейінгі зерт-
теулер олардың ежелгі түріктер мен сақ дәуірінен бастау
алатындығын айтады. Мысал үшін: жаңадан дүниеге кел-
ген сәбидің бесігі ауру мен жын-шайтандардан отпен
аласталған. Отау үйдің табалдырығын жаңадан аттаған
қалыңдық отқа құйылған майдың жалынына алақан то-
сып, бет сипаған. Жайлауға көшіп бара жатқан халық
өз көшін жанып жатқан екі оттың ортасынан өткізген.
Қажетсіз ескі заттарды өртеген.
Қайтыс болған адамды жерлегенде онымен бірге
оның көзі тірісінде мінген атын ер-тұрманымен қоса жер-
леген. Ислам діні келгеннен кейін де біржола жойылып кет-
кен жоқ. Кісі қайтыс болған күні, жетісінде, қырқында және
жылында міндетті түрде жылқы сойылып, оның басы қабір
Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындарының атласы
14. Сарыкөл ғибадатханасы
I...,188,189,190,191,192,193,194,195,196,197 199,200,201,202,203,204,205,206,207,208,...586