От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
126. Некрополь Ушкан-ата
мен молалар сияқты көптеген ескерткіштер кездеседі. Ескі
атаулардың
кейбіреуі
ұмытылып
жаңа
есімдермен
алмасса,
керісінше кейбіреулері сол қалпында бүгінге дейін жетті.
Мұндай Жем өзені мен Үстірттің солтүстік шыңы арқылы
өтетін жолдағы жерлердің бірі картада «Тас үйінділер мен
тұзды құдық. Ұшқан қайнары» деп белгіленген. Бұл жер бір
кездерде
Маңғыстау
мен
Үстірттің
көшпенді
қазақтары
көктемгі-күзгі
көші-қон
кезінде
дамылдайтын
орын,
ескі
сауда жолында керуен тоқтайтын жер болған. Онда Ал-
тын Орда қалаларының қалдықтары – ортағасырлық қала
орындары, сондай-ақ Ұшқан ата қорымы бар.
Қорым өте кең аумақты алып жатыр, ондағы ең ерте
жерлеу уақытын XIV ғ. жатқызуға болады. Оңтүстік-батыс
бөлігіндегі үстіне ағаш қада қағылған мола Ұшқан атанікі.
Кей аңыздарға қарағанда «Ұшқан ата… ислам діні қазақ да-
ласына
ене
бастаған
кезеңде
өмір
сүріп,
дін
таратқан.
Өмірінде
талай
ғажайып
көрсеткен
әулие
Ұшқан
ата
соқасының бір соққысымен шөл даладағы тіршілік иесінің
барлығының
шөлін
қандыратын
сарқылмайтын
бұлақ
көзін ашқан». Бұл аңызды 1953 ж. қорым ескерткіштерін
алғаш зерттеген М. М. Меңдіқұлов жариялады. Ол өзінің
Ұшқан
ата
қорымының
құлпытастарына
арналған
ғылыми
мақаласында
«ақсақалдардың
айтуы
бойынша,
мұнда
ер-
теде бейіттен солтүстік-батысқа қарай 200 м жерде қазіргі
шағын бұлақпен толығатын үлкен көл болған. Мұнда көп-
теген ауылдар көшіп келіп, көл суын пайдаланған. Судың
көптігі соншалық одан егіншілер де егін суарған. Осыдан
елу жылдай бұрын су тартылғаннан кейін бұл жер қаңырап,
иесіз қалған».
Ұшқан ата қорымында кесене, төртқұлақты қоршау,
қойтастар,
құлпытастар
сияқты
алуан
түрлі
ескерткіштер
бар.
Құлпыстардың
өзі
жүзден
асады.
Қорым
тастан
қашалған пішіні мен жасалу техникасы алуан түрлі осы-
нау
құлпытастарымен
әйгілі.
Олардың
көпшілігі
тас
қашау
өнерінің
көрнекті
ескерткіштері
болып
табылады.
Сондықтан
Ұшқан
ата
қорымының
құлпытастарына
ар-
найы ғылыми зерттеулер де жасалды. Арал-Каспий сәулет
өнері ескерткіштерінің белгілі зерттеушісі С. Е. Әжіғалидың
анықтамасы бойынша Ұшқан ата қорымының құлпытастары
үш
топқа
бөлінеді:
ірі
және
көлемді
ою-өрнектері
бар
құлпытастар XVIII ғ. ортасы мен ХІХ ғ. басында жасалған;
жалпақ бедерлі ою-өрнектер мен эпиграфика, көлемді эле-
менттер үйлесім тапқан құлпытастар XIX ғ. ортасына тиесілі;
ал биіктігі 2,5 метрден 3,7 метрге дейінгі бағана тәрізді
«алып құлыптастар» XIX ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында қойылған
125
Жем өзенінің ескі өткелінде
На старой переправе через Эмбу
Қазақ ауылы. ХІХ ғасырдың гравюрасы
Казахский аул. Гравюра XIX века
Сауда керуені. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басындағы
фотосурет
Торговый караван. Фотография конца XIX – начала XX века