307
«Күнбастының» бейнесі.
Біздің заманымызға дейінгі XIV–XIII ғасырлар
Изображение «солнцеголового». XIV–XIII века до нашей эры
Аң аулау көрінісі. Ерте темір дәуірі
Сцена охоты. Эпоха раннего железа
Жыртқыштардың текеге бас салу көрінісі. Ерте темір дәуірі
Сцена нападения хищников на козлов. Эпоха раннего железа
Көне петроглифтер тегістіктерде тек нақтыланған
бағытта қашалып салынған. Құз жартастарының әр
қайсының алдында алқапта біртіндеп күрделі композицияға
бірігетін қола дәуірінің барлық суреттерінің бір мезгілде
көрінетін жері бар. Ондай алаңқайлар жартастан 20–40 м
алыстатылған, бірақ сонда да суреттер жақсы көрінеді.
Таңбалы жартастарындағы суреттер галереясы қола
дәуірі тайпаларының көне мифологиясы негізінде біртұтас
көркемдік шығармашылықты танытады. Петроглифтер
көрінісі ұжымдық рәсімдер кезінде орындалып ұрпақтан
ұрпаққа қасиетті сезімді жеткізудің белгісі ретінде маңызды
рөл атқарғанға ұқсайды.
Таңбалының көптеген петроглифтері Орталық Азия-
ның жартас сурет өнерінде ерекше орын алады. Қазақстан
тарихындағы Таңбалының аса мәдени маңыздылығы – мұнда
қола дәуірінің суретшілері алғаш рет адам кейпіне енгі-
зілген құдайдың көрнекті образын жасады. Таңбалының
дүниежүзілік маңызының тұжырымы – адам ашық аспан ас-
тында Күн ғибадатханасын жасап, шығармашылық ақыл-ой-
ды ландшафтың табиғи өзіндік ерекшелігімен кереметтей
үйлестіре білгенінде болар.
Ерте темір дәуіріндегі петроглифтер өте көп. Олар
жаппай орын ауыстырулар мен жауынгер көшпенділер –
сақтар, үйсіндер, юэчждер, ғұндар ... жорықтары негізінде
бір-бірінің орнын алмастырып отырған түрлі халықтардың
қолымен жасалған. Жаулап алушы тайпалар Жетісудың көне
жұртын бағындыруға тырыса отырып, өз билігін, эстетика-
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
77. Комплекс Тамгалы