543
дан бөлініп, Жошы ұлысының шығыс бөлігін жайлаған Ақ
Орда мемлекетінің билеушілері алды. ХІV ғ. 70-ші жж. Ақ
Орданың Сырдария маңындағы жерлері Темірде болса, оның
өлімінен кейін 1405 ж. Яссы-Түркістан кірген Сырдария маңы
шағатайлықтардың, темірліктер мен шайбанилықтардың ара-
сында қолдан қолға өтті.
XVI ғ. соңынан XVIII ғ. соңына дейін Түркістан Қазақ
хандығының астанасы болды. Осы уақыттан бастап қала мен
оның ұлы ескерткіші қазақ мемлекеттігі идеясымен байланы-
стырылады. Мұнда маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу-
ге арналған қазақ ақсүйектерінің жиылыстары болып, Қазақ
хандығының тағына хандарды салтанатты түрде отырғызу
рәсімдері өткен. Түркістандағы қазақ хандарына көрші
мемлекеттердің елшілері ағылды. Кесене мен төңірегіне
Рабиға сұлтан-бегім, Жолбарыс хан, Есім хан, Абылай хан, Қаз
дауысты Қазыбек және тағы басқа көптеген белгілі адамдар
жерленген.
Түркістан қоқандықтар жаулап алған XIX ғ. ба-
сына дейін қазақ хандарының тұрақты ордасы болған.
1864 ж. дейін қала қоқандық хандардың билігінде болды, ал
1864 ж. орыс әскері жаулап алғаннан кейін Түркістан генерал-
губернаторлығы Сырдария облысының Шымкент уезінің
кішігірім қаласына айналды. Кеңестік кезеңде ол Оңтүстік
Қазақстан облысының аудан орталығы болды.
ХХ ғ. 40-шы жж. қаланың көбірек абаттандырылған
осы заманғы аудандарына қоныс аударған тұрғындары
тастап кеткен көне қала біртіндеп бүлініп, қазір Ескі
Түркістан атауымен белгілі қираған қала орнына айналды.
Қазір Ескі Түркістан көне қалашығының орны (VI–ХХ ғ.
басы), Қожа Ахмет Яссауи кесенесі (XIV ғ. соңы) мен басқа
да ескерткіштерден тұратын ортағасырлық Түркістанның
тарихи ядросы қазіргі қала орталығының оңтүстік-шығыс
бөлігінде орналасқан. Бұл жер «Әзірет-Сұлтан» мемлекеттік
тарихи-мәдени қорығының құрамында.
Көне қалашық орны аумағының қазіргі қала
орталығында орналасқанына қарамастан жаңа ғимараттар
салынбаған, мәдени қабаты жақсы сақталған және ауқымды
аймақтың бұл ірі діни, мәдени, экономикалық және
әкімшілік орталығының барлық даму кезеңдерін көрсетеді.
Қала орнының беткі қабатында әлі де көшелердің ор-
наласуы, құрылыс орамдары, қалалық қорғаныс дуалда-
ры мен мұнаралары анық ажыратылады. Археологиялық
зерттеулер мен сақталып қалған мұрағат құжаттары
XVIII ғ., XIX ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басындағы
Түркістан қаласының жоспары зерттеушілерге оның да-
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. XIV ғасырдың соңы.
Порталдың артқыжағы. Батыс көрінісі
Мавзолей Ходжи Ахмеда Ясави. Конец XIV века.
Вид тыльной стороны портала с запада
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. XIV ғасырдың соңы.
Солтүстік-батыс портал арқасының көрінісі
Мавзолей Ходжи Ахмеда Ясави. Конец XIV века.
Арка северо-западного портала
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
97. Мавзолей Ходжи Ахмеда Ясави и исторический горо Туркес н