555
нументальное святилище с обширным в 55 м² двухколонным
залом и высокими суфами вдоль стен. К алтарю проходили
между колонн. Здание святилища отделялось от окружающих
строений узенькой улочкой с широкой нишей в углу. На невы-
соком подиуме – следы горения в виде слоя золы и розоватой
штукатурки. Явно, что здесь было еще одно алтарное место
с подиумом для возжигания огня и ниша, где выставлялись
культовые атрибуты.
В ходе раскопок была собрана внушительная кол-
лекция разнообразных керамических сосудов, изделий из
бронзы, кости, камня, а также инструменты ремесленников,
украшения, бытовые предметы и т. д. Некоторые из них уни-
кальны, как, например, ручной гончарный круг или «трехгла-
зый идол».
Когда же произошло на Сидаке это бедствие, уничто-
жившее культовые сооружения, а вместе с ними и все поселе-
ние? Найденные в слое пожара разнообразные монеты дают
возможность датировать это событие временем, близким сере-
өрттің салдарынан біржолата тасталған болып шықты. Еден-
де күйген арқалық мәткелер, тұрғын бөлмелерде ондаған
сынық және бүтін тұрмыстық қыш ыдыстар жатты. Бірақ
өрт тұрғындар үшін тосыннан болмаған. Тасталған және
өртеніп кеткен үйлердің қоймалары үлкен қыш ыдыстар –
хұмдармен толтырылған болатын, олар астық, ұн, шарап, май
және басқа азық-түліктер сақтауға пайдаланылатын. Осын-
дай ондаған хұм-қоймалардың бірде-бірінен бір түйір дән
кездеспеді. Яғни барлық қоймалар алдын ала босатылып
алынған. Тұрғын үйлердің едені мен сұпысында керексізден
тасталған жарығы бар ыдыстардан басқа әдеттегі тұрмыстық
керек-жарақтардан ешнәрсе жоқ. Мұның бәрі өрттің ал-
дында тұрғындар тұрмысқа керектінің бәрін алып кеткенін
куәландырады. Ендеше, өртті әдейі алдын ала даярлаған.
Қамалдың солтүстік батыс бұрышында екі ғибадатхана
аршылған болатын. Бірінен жартылай сопақша формалы ал-
тарь (құрбандық шалатын орын), екіншісінің қабырғасынан
үңгіп қазып, астына ортасынан қақ жарылған кеспелтек
ағаш төселген алтарь мен еденнен тостаған тәрізді етіп
қазылған алтарь кездесті. Екінші алтарь кездескен жердегі
бөлменің ерекше жағдайға арналғандығы қабырғасының
соншама қалыңдығынан және өзге құрылыстардан тым
оқшауланғандығынан көрінеді. Бұл кеңдігі 55 м
2
болатын,
екі бағаналы және қабырғаны бойлай сұпылары бар жеке
тұрған зал монументальды ғибадатхана болып шықты. Бұл
орын (зал) өзін қоршаған құрылыстардан бұрышында үлкен
қуысы бар жіңішке көшесымақпен бөліп тасталған. Аласа-
лау подиумның (биік орын) үстінде күл қабаты тәрізді өрттің
және күлгін сылақтың ізі көрінеді. Рух беруге арналған биік
орын және діни атрибуттар қойылатын қуысы бар бұл жерде
тағы бір құрбандық шалатын орын болғаны анық.
Қазу жұмыстары барысында әр түрлі қыш ыдыстар,
қоладан, мүйізден, тастан істелген бұйымдар, сондай-ақ
қолөнершілердің жабдықтары, әшекейлер, тұрмыстық зат-
тар және т. б. салмақты коллекциялар жиналған болатын.
Олардың кейбіреулері, мысалы: қолдан істелінген көзеші
шеңбері, «үш көзді идол» тәрізді сирек кездесетін бұйымдар.
Діни құрылысты, сонымен бірге бүкіл қонысты
жойып жіберген Сидақтағы бұл өрт апаты қашан болған?
Өрт қалдықтары арасынан табылған әр түрлі тиындар
бұл сұраққа жауап беруге септігін тигізді. Олар мұның
уақытын VIII ғ. ортасына таяу деп нақтылап берді және
оны осы жүз жылдықтың бірінші жартысында бұл өлкені
мұсылмандардың жаулап алуымен байланыстыруға толық
негіз бар. Анықталған тиындардың ішінен VIII ғ. бірінші
Антропоморфты бейне жапсырылған
хум қабырғасының фрагменті. VII–VIII ғасырлар
Фрагмент стенки хума
с налепным антропоморфным изображением. VII–VIII века
0
3 см
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
98. Городище Сид к