565
Сауран қалашығы. XIII–XVIII ғасырлар. Шығыс көрінісі
Городище Сауран. XIII–XVIII века. Вид с востока
Сауранның орталық алаңындағы қазба жұмыстары
Раскопы на центральной площади Саурана
Сауран өз кезеңі үшін ірі қамал еді. Сондықтан да қала
бекіністері туралы айтып өтуді оның замандастары өздеріне
парыз санайды. Сонымен, Хафиз Таныш қала қорғаныс
құрылыстарының сумен, азық-түлікпен және қару-жарақпен
толық қамтылғанының арқасында бірнеше ай қоршауға
төтеп берді деп хабарлайды. Сауранның бекіністер жүйесінде
қамалдың мұнаралы қабырғаларын, шығатын-кіретін
қақпаларын, қамал дуалдары мен орларын атап өтеді. «Сауран
бекінісінің тірегі мықты бекітілген, өте күшті әрі ірі қамал бо-
лып табылады, тіпті тағдыр қолы ешқашан да оның дуалының
түбіне жете алмады».
1598 ж. Абдаллах ханның әскері қаланы қоршап алған
кезде Бұхарадан тас атқыш құрылғылар әкелінген болатын.
Солардың көмегімен қаладағы тұрғынжайлар мен құдық
шегендері қиратылды. Қамал қабырғаларының астынан
өтетін жер асты жолы жасалып, орлармен су жіберілді, бірақ
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
99. Комплекс Саур н