557
жартысына жататын, бетіне арыстан мен таңбаның белгісі
салынған қола анэпиграфтық тиынды жекелеп атап ай-
ту керек. Мамандардың пікірі бойынша мұндай тиындар
жергілікті билеушілердің нұсқауымен VII–VIII ғғ. басында
шығарылған. Типі жағынан бұған ұқсас тиындар – Отырар
оазисіндегі жиі кездесетін олжалар. Бұрын олар Түркістан
оазисінен табылған.
Бір тұрғын үйден төртбұрышты тесігі бар қола ти-
ын табылды. Ол мейлінше жақсы сақталған және жақсылап
тазартудан кейін оны Түркеш қағандығында соғылған де-
уге мүмкіндік берді. Бұл типтегі тиындар Жетісу, Сырдария
маңы және Орта Азия табылымдарынан жақсы мәлім. О.
Смирнованың пікірі бойынша, олар VIII ғ. 30-шы жж. бастап
шығарылған. Бұл жоғарыда айтылған Сидақтағы өрт қа-
батының уақытын негіздей түседі.
Барынша ертеректегі уақытқа бетіне (аверсіне)
билік жүргізушінің бейнесі түсірілген кейінгі сасанид дәуірі-
нің күміс драхмасы жатады. А. Никитиннің пікірі бойын-
ша, бұл – II Хосроу 31-ші ж. (590–628) билік етіп отырған
драхмасы. Соғылған орны – Вех-аз-Амид-Кавад-кард.
Бетіндегі портрет астына патшаның аты жазылған.
Қатты тоттанған қола тиын ерекше қызығушылық
тудырады. Тазаланғаннан кейін оның бір бетінен «тұғыр
үстіндегі үш аша» тәрізді таңба ғана көрінеді. Безендірудің
басқа детальдары сақталмаған. Алайда таңбаның иконо-
графиясы (суреті) ерекше ғажап. Бұған ұқсас таңба тек
Хосраудың – Кердер облысының (төменгі Әмудария) үлесті
жердің хорезмдік билеушісінің мыс тиынына ғана жақсы та-
ныс. Бұл тиын типі VII ғ. аяғы мен VIII ғ. басында шықты деген
болжам айтуға болады. Б. Вайнберг былай деп жазды: «Хосрау
тиынында Хорезмге жат – біз Қаратаудың солтүстік беткейі –
Сырдарияның төменгі ағысы – Сарысу – Шу өңірлерінен
(қыстаулар орындарынан) бастап Оңтүстік Орал маңына
(жайлаулар орындарына) дейін деп шектеп көрсетіп отырған
Тұран-Қаңлыдан шыққан нышандар бар. Сонымен бірге
тиындардағы Хосраудың аты таза ирандық (парсылық), жа-
зу хорезмдік алфавиттермен берілген, билеуші лауазымы да
Хорезмде алынған. Осының бәрі Хосраудың тиыны Хорезм
аумағында шығарылғанын көрсетеді».
Сөйтіп, Сидақтағы өрт қалдықтарынан тазартылған,
айқын танылатын тиындардың шығу уақыты VIII ғ. ор-
тасына жақын деп есептеуге болады. Тарихтан белгілі
болғанындай, бұл – хорасандық Халифат билеушілері
өкілдерінің Сырдария маңы мен одан шығысқа қарайғы
өңірлерде белсенді іс-қимылдары кезеңі. Мұсылмандардың
захстанских ходжей», содержащем «сакральный рассказ» о
завоевании мусульманами Средней Сырдарьи, упоминаются
718 или 767 г. как время прихода арабских войск под коман-
дованием потомков имама Мухаммада ибн ал-Ханафийи в
среднесырдарьинский регион.
Как известно, мусульманские завоеватели были осо-
бенно нетерпимы именно к храмовым сооружениям и куль-
товым местам (капищам) распространенных здесь прежде
религий. Даже в случае завоевания «по договору», т. е. без
штурма, насилия, разрушений и прочих варварств, разгрому
подвергались только языческие храмы, имущество которых
рассматривалось как обязательная добыча мусульман. При
завоевании края прежде всего храмы подвергались полному
уничтожению. Искоренение древней «веры магов», свя-
занной с поклонением идолам, возжиганием священных
Түргеш қола тиындары. VIII ғасыр
Бронзовые тюргешские монеты. VIII век
Сасанидтік күміс тиын (драхма). V ғасыр
Серебряная сасанидская монета (драхма). V век
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
98. Городище Сид к