От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
125. Городище Сарайчик
Қала
өмірінің
екінші
хронологиялық
кезеңі
XIV ғ. екінші ширегінде – Өзбек хан (1312–1342) кезіндегі
империяның
барынша
тұрақты
және
гүлденген
кезеңінде
басталды. Ол кезде көптеген қалалар бой көтеріп, Сарайшық
гүлденді. Бірақ Жайық өзені шектен тыс қатты тасыған
шақтарда қала шетін су алып кетті де, қала Жайықтан
оңтүстікке
қарай
шегініп,
Сорочинка
өзенінің
қарсы
бетіндегі
төбегег
қарай
жылжыды
Бұрынғы
құрылыстарды
бұзып, қала тұрғындары сол жерге жаңа үйлер тұрғызды.
Сонымен бір мезетте қала жоспары бойынша сол кез үшін
кең көшелері (5 м) мен алаңдары бар бірқатар жақсы орам-
дар бой көтерді. Жаңа құрылыстар бұрынғыдан көп өзгерді.
Көп бөлмелі шағындау үйлермен бірге бір шатырдың астын-
да шаруашылық қора-жайлары бар көп бөлмелі түзу үйлер
салынды.
Сарайшық
пен
өзеннің
шеткі
жарқабағынан
мон-
ша қалдықтары табылды. Олар әртүрлі қызмет атқаратын
бірнеше
бөлмеден
тұрады.
Қабырғалары
шикі
кірпіштен
қаланғанымен
артынан
су
өтпейтін
сылақпен
сыланып,
сәнді
тақталармен
қапталған.
Күйген
кірпіштен
қаланған
еден
астынан
жылу
жүргізілген.
Су
құбырлары
мен
су
тұндыратын
үлкен
ыдыс-хумдар
болғаны
анықталды.
Су
үлкен
шойын,
қола
қазандарда
ысытылды.
Бүкіл
Алтын
Ордадағы
сияқты
Сарайшықта
да
ақсүйектерге
арналған
және жалпы жұртшылыққа арналға моншалар болды.
Халықты суды аулалардағы құдықтардан алған, кейде
құмыраларды арбаға салып өзеннен тасыған.
Қала тұрғындары бұл кезде қала мен далаға қажетті
әртүрлі
тауарлар
өндірді.
Әсіресе
қыш
бұйымдарын
шығара-
тын шеберханалар көп жұмыс істеді. 1950 ж. Ә. Х. Марғұлан
басқарған
ғылыми
археологиялық
экспедиция
Сарай-
шықтан кірпіш күйдіретін пештің орнын аршыды.
Қала өмірінің үшінші хронологиялық кезеңі (1360–
1370) Жошы ұлысындағы таққа талас кезеңді қамтиды. Күш-
қуаты
толысқан
ақсүйектер
билікке
ұмтылды.
Қалаларды
және
солардың
иелігіне
жататын
жерлерді
билейтін
ірі
феодалдар
оларды
өздеріне
қорған
қылды.
Бұл
уақытта
Сарайшық Ақ Орда хандарының билігінде болды.
Археологиялық
қазба
жұмыстары
кезінде
табылған
тиындарға
қарағанда
1370-ші
жж.
Сарайшықта
үлкен
ғимараттар
салынғанын
байқауға
болады.
Олардың
бірі
1997–2000
жж.
аралығында
зерттелді.
«Хандар»
сәулеттік
жоспары
сарай
типіндегі
құрылыс
болды,
ол
құрметті
қонақтар, көпестер, қажылар мен саяхатшылар үшін салын-
ды. Олар XIV–XVII ғғ. ислам әлеміне әйгілі болды. Ғимаратта
113
Пеш қалдықтары бар бөлме. XIII–XVI ғасырлар
Помещения с остатками печей. XIII–XVI века
XIII–XVI ғасырлардағы тұрғын үй пештері
Печи в жилом помещении XIII–XVI веков
I...,103,104,105,106,107,108,109,110,111,112 114,115,116,117,118,119,120,121,122,123,...478