Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындарының атласы
124. Махамбет Өтемісұлы кесенесі
1839–1840 жж. Махамбет бірнеше рет Ішкі ордаға жа-
сырын өтіп, Жәңгір ханның жақындарының малын барым-
талап, Жайықтың арғы бетіне қайта өтіп кетеді.
1841 ж. Махамбет Жем бекінісі ауданындағы беріштер
ауылында жүр деген мәлімет түсіп, оралдық казактар отря-
ды кескілескен қарсылықтан соң оны қолға түсіріп, Орал
қаласына, одан Орынборға жеткізеді.
Орынбор
әскери
губернаторы
В.
А.
Перовскийдің
бұйрығы
бойынша
Махамбеттің
ісі
әскери
сотқа
тапсы-
рылады.
Әскери
сот
оның
тұтқындағы
хорунжий
Васи-
лий
Шустиковтың
босатуға
көмектескенін
ескере
оты-
рып,
Махамбетті
жазадан
босатады.
Сөйтіп
сұлтан
Арс-
лан
Жантөриннің
бақылауына
жіберіп,
шекара
бойына
жақындауға тыйым салады.
Махамбет
өмірінің
соңғы
жылдары
алаша
руының
арасында өтеді. Қайтадан халық наразылығы туып кету-
ден сақтанған және оның өзін әшкерелеген өлеңдері үшін
кектенген сұлтан Баймағамбет Айшуақов 1846 ж. қазанда
Махамбеттің
ауылына
содырларын
жіберіп,
ақынды
қапияда өлтіреді. Махамбеттің ауылы талауға түсіп, оның
басы Баймағамбет сұлтанға жеткізіледі.
Дауылпаз ақын денесі Қараойға (Атырау облысының
Индер
ауданы)
жерленген.
Кейін
Махамбеттің
туыстары
ақынның басы көмілген жерді тауып, денесі жерленген жер-
ге апарып қосты. 1966 ж. ақын моласын ашқан антрополог
ғалым Н. Шаяхметов те мұны растады.
108
Өтемісұлы Махамбет кесенесінің кіре берісі
Вход на территорию мавзолея Махамбета Утемисова
Өтемісұлы Махамбет кесенесі. 1995 жыл
Мавзолей Махамбета Утемисова. 1995 год
Өтемісұлы Махамбетке қойылған ескерткіш тақта.
ХХ ғасырдың ортасы
Мемориальная доска Махамбету Утемисову. Середина XX века