108
бауырларына және басқа беделді ойрат тайшыларына лама
дінін қабылдау жөнінде ұсыныс жасайды. Оның бұл ұсынысы
ойрат тайшыларының қолдауына ие болып, Ақсу мен
Баркөл арқылы Тибетке жол сала отырып, Йондон-чжамцо
далай-ламасымен тікелей байланыс орнатты. Осыдан кейін
іле-шала ойраттарға Шығыс Моңғолиядан Цаган-номун
хан далай-ламасының өкілі келді; ол ойрат тайпасының
көшбасшыларына, өздерінің бір-бір ұлдарын тойнаға ар-
нап лама іліні қабылдау жөнінде ұсыныс жасады. Осы-
дан кейін шамамен алғанда 1616 ж. ойраттардың көптеген
жетекшілері мен беделді ойрат тайшылары бір-бір ұлдарын
діни дәреже алуға жұмсады. Хошоуыттардың билеушісі, ол
кезде балалы болып үлгермеген Байбағас хан өзінің асы-
ранды ұлы, болашақ рабджам – хошоуыт нояны Бабахан
ұлдарының бірі Зая пандита Намхай Джамцо (1599–1662)
лама жолына түсті.
1617 ж. Зая пандита Тибетке барып, лама сенімінің
теориясы мен әдет-ғұрпын зерделей бастады. Тибет
бұтханаларында 20 жылдан астам уақытын өткізген ол
рабджан немесе рабджамба деп аталатын жоғары ғылыми
дәрежесін алып, Лхасадағы оқуын аяқтады. 1639 ж. туған
жеріне оралып, миссионерлік және саяси қызмет жүргізе
бастады. Лама ілімінің Еділ жағалауындағы көшпенді ойрат
пен қалмақ қоғамының түрлі топтарына қарқынды енуі,
оның Жоңғар хандығының ресми дініне айналуы және Еу-
разия кеңістігінде тибеттік будда дінінің географиялық
аясының кеңеюі оның есімімен тікелей байланысты.
Зая пандита сонымен қатар ескі моңғол графикасының
негізінде ойрат әліпбиі мен ойрат әдеби тілінің «анық хат»
(тодо бичиг) деп аталатын жазуын қалыптастыруға себеп-
кер болған лексикалық нормаларды әзірледі. Зая пандита
тұлғасы моңғол халқының рухани мәдениеті мен Орталық
Азия көшпенділері мәдениеті тарихында үлкен рөл атқарды.
Батыс моңғол-ойраттар мен еділ қалмақтары,
негізінен Гэлугпа буддалық мектебі, яғни «ізгілік мектебі»
тұрпатындағы лама ілімін қабылдады, оның негізін гэ-
лун Цзонхава (1357–1419) қалады. Бұл діни мектепке
Тибеттік «сары монастырьлар» Брайбун, Қалдан, Сэра және
Таши-Лхунпо жататын еді, оларға реформатор Цзонха-
ва сары бас киім киюді міндеттеді, осыдан барып олар «са-
ры тымақтылар» немесе «сары» деп аталып кетті. Гэлугпа
мектебі ламаға сенушілерді қиыншылықты жеңудің, яғни
нирванаға жетудің ұзақ та қиын жолын адамның өтінішіне
құлақ асатын, сондай-ақ тірі құдайлар қатарына енгізілген,
мүмкіндігі шектеусіз ламалар тарапынан адамдарға көмек
1588). В его присутствии в ханской ставке состоялся курул-
тай восточномонгольских князей и духовных лиц, на кото-
ром были установлены и узаконены принципы взаимоотно-
шений монгольской светской власти и ламаистской церкви,
а также установлены канонические правила отправления но-
вых религиозных ритуалов. В честь официального принятия
буддизма и урегулирования отношений правящей династии
Халхи с религиозной властью Тибета Алтын-хан наделил вер-
ховного ламу титулом далай-лама. С тех пор это звание яв-
ляется официальным титулом главы ламаистской церкви Ти-
бета. Алтын-хан и влиятельные князья Восточной Монголии
приложили немало усилий, чтобы ламаистская церковь смог-
ла в кратчайший срок усилить свои позиции в кочевом об-
ществе монголов.
Процесс распространения ламаизма среди ойрат-
ских племен протекал не менее интенсивно, чем в кочевьях
Раднабхадра жазған Зая пандита
өмірбаянының факсимелесі. XVII ғасыр
Факсимиле биографии Зая-пандиты, написанной
Раднабхадрой. XVII век
Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындарының атласы
8. Тибет Будда дінінің ескерткіштері
I...,98,99,100,101,102,103,104,105,106,107 109,110,111,112,113,114,115,116,117,118,...586