223
Шиыршық ұшты қола білезік.
ХІХ Кеңөткел қорымы. Қола дәуірі
Бронзовый браслет со спиральными завитками на концах.
Могильник Кеноткель XIX. Эпоха бронзы
Айқыш қола салпыншақтар.
ХІХ Кеңөткел қорымы, 2 қоршау. Қола дәуірі
Крестовидные бронзовые подвески.
Могильник Кеноткель XIX, ограда 2. Эпоха бронзы
Адам сүйектері мола шұңқырларында 30 см терең-
діктен бастап, 80 см-ге дейін кездесті. Бұл мәйіт сүйектері
мен жануарлар сүйектерінен басқа мола шұңқырының
50–70 см тереңдігінен қола тұтқасы бар айналар, жү-
зіктер мен инелер, ғұрыптық пышақ, ұлу сүйегінен іс-
телген моншақтар, қола негізге алтын жұқалтырдан өрнек
түсірілген зат, қыш сауыттардың сынықтары, саз бал-
шықтан жасалған тұтас бұйымдар және басқа заттар та-
былды. Барлық молаларда кейде көп, кейде аз мөлшерде
көмір мен күлдің кездесуі құрбандық шалынғандықты
куәландырады. Бұл молалардағы материалдар Федоров
мәдениетінің белгілері ұқсас.
Археологтар, шамамен осындай артефактілерді (жа-
санды) Қошқарбай өзенінің оң жағасындағы XVIII Кеңөткел
және XIX Кеңөткел қорымдарында жинап алды.
XIX Кеңөткел құрылысы бірнеше типті көрсететін
37 жерлеу ғимараттарынан тұрады. Олардың кейбіреуінің
астына тас төселіп, жоғарғы жағын топырақтан тұрғызған.
Тас төсеніш шеңбер түрінде және «сегіз» саны немесе
жалғастыра салынған құрылыс жайы бар «сегіз» саны
тәрізді етіп төселген. Топырақтан тұрғызылған қорғандар
да осындай. 2007 ж. зерттеулер кезінде қорғандық
құрылыстардың біріне қазба жұмысы жүргізілген бола-
тын. Ескерткіш жөнінде барынша толық ақпарат алу үшін
4
×
4 м шаршы жерді тұтастай ашу әдісі пайдаланылды.
10–20 см деңгей ашылды. Көп кешікпей қоршаулардың
бірінің оңтүстік бөлігінен сауыт (ыдыс) табылды, іші адам
сүйектеріне толы және он шақты моншақ шықты. Осында
тағы төрт сауыттың қалдықтары жатты. Батыс жағынан
50–60 см тереңдіктен жазылған, екі ұшында спираль
тәрізді бұрама өрнек салынған қола жүзік, қола сырғаның
қалдығы және крест формалы үш қола салпыншақ табыл-
ды. Басқа да осыларға ұқсас бұйымдар шықты.
XVIII Кеңөткел қорымын қазу кезінде археолог-
тар аса қызықты мәліметтер алды. Ондағы «№ 1 шұңқыр»
деп аталатын жерлеуден қазылып, ішіне трапеция түрінде
ағаштан бір, кейде екі қатар шеген-шір жасаған, яғни мұнда
тастың орнына ағаш қолданылған. Мола ортадан қақ
жарылған ағаш кеспелтектермен жабылып, олардың екі ұшы
шұңқырдың сыртқы ернеуіне жатқызылған. Оның түбіне
органикалық негізге тігілген қола мен паста әшекейлері
бар адамның екі табаны қойылған. Табандар бір-бірінен
бөлек, моланың қарама-қарсы жақтарына қойылған. Со-
нан соң шұңқырдың іші топырақпен толтырылмай, үсті
ортадан қақ жарылған қылқан жапырақты ағаш кеспел-
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
17. Урочище Кошкарбай
I...,213,214,215,216,217,218,219,220,221,222 224,225,226,227,228,229,230,231,232,233,...586