409
Кең көлемді сазды жер, көлдер мен дала кеңістігі
қасқыр, қабан, ақбөкен тіршілік ететін орта болып табыла-
ды. Дегенмен, құстар, әсіресе күлгін түсті қоқиқаздар ерекше
көз тартады.
Қорық құстар миграциясының екі жолы қиылысқан
тұста – қанаттылар көп мөлшерде шоғырланатын сазды жерде
орналасқан. Бұл – құстар тіршілігін бақылауды ұнататындар
үшін нағыз жұмақтың төрі. Мұнда құстардың 300-ден астам
түрі бар. Олардың арасында дуадақ, тырна, ақсұңқар, да-
ла күйкентайы, қара бозторғай тәрізді даланың байырғы
құстары тіршілік етеді. Дүние жүзінде сирек кездесетіндерден
күлгін қоқиқаз мекендейді, ол Қазақстан аумағында Теңізде
ғана ұя салып, балапан басып шығарады. Бұл оның Азияда ұя
салуының ең солтүстік шегі. Мұндағы құстар әлемінің 42 тү-
рі Қызыл кітапқа енген. Қорғалжын көлдерінде ұялайтын
қасқалдақтар саны – 32 мың, суда жүзетін үйрек, қаз, аққу,
бірқазан және басқалардың саны – 10–12 мың. Сырттан
демалуға келіп қайтатын құстар саны осында ұялайтындардан
бірнеше есе асып түседі, сол себепті қорықты «Құс базары»
деп атайды. Қорық су алаптарының маңын 40-тан астам
сүтқоректілер мекендейді. Оның тең жартысын кемірушілер
– суыр, саршұнақ, тышқан түрлері, аламан, тағы басқалар
құрайды. Бұл жерден түлкі, қарсақ, борсық және ақкісті көптеп
көруге болады. Жазда Қазақстанның оңтүстік аудандарынан
ақбөкендер келіп кіреді.
Суы аз Қорғалжын көлі планктондарға (қалқып жүріп
өсетін өсімдіктер) өте бай. Көлдердің тұщы немесе ащы
суларында алтын және күміс түсті мөңке балық, шортан,
аққайран, алабұға және басқа балық түрлері өсіп-өнеді.
Қорғалжын көлдері мен Теңіз – халықаралық
мәні бар табиғат ескерткіштері болып табылады. 2008
ж. шілдесінде Қорғалжын қорығының бір бөлігі Науры-
зым мемлекеттік табиғи қорығымен бірге ЮНЕСКО-ның
Дүниежүзілік мұрасы тізіміне енді. Қорықта экологиялық ту-
ризм дамып келеді. Қорыққа жақын орналасқан Қорғалжын
елді мекеніне Астанадан автобуспен немесе таксимен оңай-
ақ жетуге болады. Онда қорық әкімшілігі, табиғат мұражайы
және бірнеше қонақ үй орналасқан.
сайги. Но именно птицы, и в особенности розовые фламинго
привлекают всеобщее внимание.
Болотистая местность заповедника находится на
пересечении двух путей миграции птиц и является ме-
стом скопления большого количества пернатых. Это рай
для любителей птиц, которые любят наблюдать за ними.
Здесь их свыше 300 видов. Среди них такие типичные
жители степи, как дрофа-дудак, журавль-красавка, кре-
четка, степная пустельга, черный жаворонок. Имеется
редко встречающаяся в мире разновидность розового
фламинго, которая на территории Казахстана гнездит-
ся только на озере Тенгиз. Здесь самые северные в Азии
его гнездовья. В орнитофауне отмечено 42 вида птиц,
которые занесены в Красную книгу. На озерах Коргал-
жына гнездятся около 32 000 лысух, 10 000–12 000 уток,
гусей, лебедей, пеликанов и других водоплавающих.
Численность прилетающих на отдых птиц в несколько
раз превышает число гнездящихся, поэтому заповедник
называют «Птичий базар». Около заповедных водоемов
обитает более 40 видов млекопитающих. Половину из
них составляют грызуны: сурки, суслики, мыши, полев-
ки, тушканчики, хомячки и др. Здесь можно наблюдать за
лисами, корсаками, барсуками, горностаями благодаря
их высокой численности. Летом из южных районов Ка-
захстана заходят быстроногие сайгаки.
Мелководные озера Коргалжына изобилуют планкто-
ном. В их пресных или солоноватых водах обитают золотые
и серебряные караси, щука, язь, окунь и другие виды рыб.
Озера Коргалжына и Тенгиз являются памятниками
природы мирового значения. В июле 2008 г. часть Коргал-
жынского заповедника вместе с Наурзумским государствен-
ным природным заповедником вошла в Список всемирного
наследия ЮНЕСКО. В заповеднике развивается экологиче-
ский туризм. В поселок Коргалжын, находящийся недалеко
от заповедника, можно легко добраться на автобусе и на
маршрутном такси из Астаны. В нем располагается админи-
страция заповедника, Музей природы и несколько гостевых
домиков.
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
36. Коргалжинский природный заповедник