187
Сақалтай
Бородач
Қызыл шақылдақ
Красная пищуха
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
68. Заилийский Ала у
тұқымдары. Бұл жерді қоян мен суырды, тұяқты малдардың
төлдерін азық ететін түркістан сілеусіні мекендейді. Марал-
мен кездесудің өзі бір керемет; еркек маралдың мүйізінің
өзі ғаламат. Ашық алаңқайды сұр суырлар жақсы көреді.
Зоологтар сұр суырдың өзгеше ерекшеліктерін тапқан. Ол
отырықшы өмір сүрсе де, 20 км дейінгі қашықтықты жүріп
өтеді. Оған ағынды өзен де, биік таулар да бөгет бола ал-
майды.
Шыршалы орманды құстар көріктендіріп, жандан-
дырып жібереді: сары басты торғай тұқымдас құс – шөже,
үңгірек, шыршашыл қайшыауыз, қылғытпа сайрауық
және басқа да торғай тектес құстар мекендейді. Жазда
жеке тұрған шыршадан немесе аршадан тауымыздағы ең
әдемі қызыл мойынды бұлбұлды көруге болады. Ерекше
әдемі дауысы, желпіншек сияқты жайып жіберетін қара
құйрығы – құстың бұл түрінің басты ерекшелігін көр-
сетеді.
Үлкен Алматы көліне жақын жұмыр тасты жерде
таңқаларлық әдемі және өте сирек кездесетін балықшы құс –
орақтұмсық мекендейді.