17
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
54. Алакольский природный заповедник
Солтүстік-батыстан Алакөлге басқа екі ірі көл –
Сасықкөл мен Ұялы (Қошқаркөл) шектеседі. Олардың суы
тұщы, бір-бірімен бұғаз арқылы жалғасады. Сасықкөлге осы
маңайдағы ең суы мол Тентек өзені келіп құяды. Сасықкөлдің
жағасындағы қалың қопада кейде су іркіліп жатып қалып,
жағымсыздау иіс шығарады. Сол себепті оны Сасықкөл деп
атап кеткен. Алакөлден оңтүстік-шығысқа қарай Жалаңашкөл
шағын көлі жатыр. Оның суы сәл ащылау. Осы өңірдің Алакөл,
Сасықкөл, Ұялы, Жалаңашкөл көлдері және ұсақ көлдердің
көпшілігі ерте заманда Балқаш пен Ебінұрға құйылып, үлкен
су алабын – осы жердегі Кіші теңізді құраған.
Алакөлде үш арал бар. Дәл ортасында ең алкені – Үлкен
Аралтөбе. Оның ауданы 20 шаршы километр. Бүкіл үш арал
және Тентек өзенінің сағасы Алакөл қорығы құрамына кіреді.
Оның негізі 1998 ж. құрылған. Оның жалпы ауданы 21 000 га.
Алакөл көлдер тобы ауданының климаты континен-
тальды. Ауаның жылдық орташа температурасы 7
0
С-ға жақын.
Қыста қар аз болады, бірақ оңтүстік-шығыстан Ебінің (Эби,
Ибэ, Юй-Бэ) дауылды желі жиі соғады. Ол әсіресе қыс пен
көктемге тән. Желдің екпіні кейде секундына 72 метрге жетеді.
Ебінің желі кейде батыстан соғатын сәл баяулау Сайқанның
желімен алмасады. Сайқан – Алакөлден батысқа қарай 55 км
жердегі аласа таулар шоғыры. Сайқан монғолша «әдемі»
дегенді білдіреді. Қазақстанда Ебімен салыстыруға келетін
бірде-бір жел жоқ. Дүние жүзі ол туралы алғаш рет Плано
Карпиниден білді. Рим папасының монғол ханына жіберген
елшісі 1245 ж. Алакөлдің жанына өтіп, өз шығармасында бы-
лай деп жазды: «Біз… аты беймәлім бір көлге кез болдық, ол
аса үлкен емес. Оның жағасында бір аласалау тау бар екен,
Сасықкөл
Озеро Сасыкколь
Жалаңашкөл
Озеро Жаланашколь
Тентек өзенінің шатқалы
Ущелье реки Тентек
Алакөлдегі тасты аралдар
Каменные острова на Алаколе