221
Қыш ыдыстар. Алматы қалашығы. XI–XV ғасырлар
Керамические сосуды. Городище Алматы. XI–XV века
Ортағасырлық Алматы қаласында соғылған
шағатайлық тиындар. 1271–1272 жылдар
Чагатаидские монеты, чеканенные в средневековом городе
Алматы. 1271–1272 года
Қыш ыдыстар. Алматы қалашығы. XI–XV ғасырлар
Поливная керамика. Городище Алматы. XI–XV века
орта ғасырлық темір дайындайтын ұсталық шеберхана-
сы: балталар, темір балқытатын ыдыс және ұста ошағының
қалдықтары табылды.
Ақырында, Алматы туралы даусыз мәліметтер
нумизматикалық дереккөздерден алынды. 1979 ж. учили-
ще төңірегінен екі күміс мәнет табылды. Ондағы жазулар
түсініксіз болды, бірақ ғалымдардың көңілін бұрын кезде-
спеген таңба аударды. Орыс шығыстанушысы және нумиз-
мат В. Н. Настич бұл мәнеттердің жергілікті жерде, Жетісуда
жасалуы және XIII ғ. қазіргі Алматының аумағында мәнет са-
райы болуы мүмкін деген болжам айтады. 1990 ж. маманның
қолына анықтауға тағы да осындай таңбасы бар екі мәнет
түсті. Оның бірінде мәнет сарайының аты анық жазылған
және мынадай сөздер бар: «бұл дирхем 1271–72 жж. Ал-
маты қаласында (балад) соғылған...» «Алматы» деген сөз
нүктесіз, қосымша белгілерсіз ойылып жасалған, бірақ оның
графикасы тұтасынан алғанда оны «Алматы» деп сеніммен
оқуға мүмкіндік береді, кейіннен ол жерде Қазақстанның
оңтүстік астанасы жайғасқан және сол кезде Алматы деп
аталған ХІІІ ғ. өмір сүрген қаланың атын көруге болады.
Сонымен, қыш дөңгелегінде даярланған қыштың
табылуы, дамыған ұста қолөнерінің бұйымдары, тиын
сарайының болуы – Х–ХІІІ ғасырларда-ақ Алматы деген
қаланың өмір сүргенін көрсетеді. Қала Х–ХІІ ғғ. Қарахандар,
содан кейін Шағатай мемлекеттерінің саяси, экономикалық
және мәдени өмірінің орталығы болған; бұл Ұлы Жібек
жолындағы халықаралық саудада маңызды рөл атқарған
ірі елдімекен болды.
Жазба деректер соңғы дәуірдегі қаланың тарихы тура-
лы өте аз баяндайды. XVI ғ. бірінші жартысында мемлекеттік
қайраткер Захир әддин Мұхаммед Бабырдың шығармасында
мынадай мәліметтер бар: «Ферғана – өңделген жердің ше-
карасында тұрған бесінші климаттағы облыс; оның шығысын-
да – Қашғар, батысында – Самарқанд, оңтүстігінде – Бадахшан
шекарасының тауы. Солтүстігінде Алмалық, АлматужәнеЖәңгі
секілді қалалар, бұлар туралы Таразкент кітабында жазылған,
бірақ оларды моңғолдар бүлдіріп, ол жерлер-де елдімекендер
қалмаған». Алматы туралы – бұл қаланы «Моғолстандағы әйгілі
жерлердің бірі» деп Бабырдың замандасы – Мырза Мұхаммед
Хайдар Дулати жазған.
Қаланың өмір сүруін тоқтату уақыты басты сұрақ бо-
лып табылады. Жазба деректер бойынша бұл XIV ғасырдың
екінші жартысы мен XV ғ. болған. Тарихи мәліметтер мен
археологиялық мәліметтер сәйкес келеді. Жетісудағы кент-
тену мен қалалардың құлауы XIV ғ. соңына сай келетіні
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
72 Город Алматы
I...,211,212,213,214,215,216,217,218,219,220 222,223,224,225,226,227,228,229,230,231,...730