44
Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындарының атласы
56. Қаялық қалашығы
айналдырылғаны белгілі. Меркі қаласындағы шіркеудің
мешітке айналдырылуы осыған ұқсас жағдай еді. Х ғ. бірінші
жартысында Қарахан қағанатында ислам ресми түрде
мемлекеттік дін ретінде орнықты. Тарихшы жазып қалдырған
аңыз бойынша «Осы және кейінгі өмірде өзіңнің аман қалуың
үшін исламды қабылда» – деп түрікше айтып көктен түскен
адамды түсінде көрген Сатұқ Қарахан ислам дінін қабылдаған.
Тағы бір аңыз бойынша бұл 955/956 жж. қайтыс болған Сатұқ
Боғра хан Әбд әл-Керім болған делінеді.
Исламды қабылдау Қараханид мемлекетінде мұсылман
мәдениетінің таралуына және қалаларда мешіттердің,
мұсылман зираттары мен кесенелерінің пайда болуына
жағдай туғызды. Олардың арасында Баласағұн қаласының
мешіт кешеніне кіретін Боран мұнарасы, Айша бибі мен Ба-
бажы қатын кесенелері және археологтар қазып алған Өрнек
Будда храмы. ХІІ–ХІІІ ғасырлар.
Жалпы көрінісі және жоғарыдан түсірілген көрінісі
Буддийский храм. XII–XIII века. Общий вид и вид сверху