511
ды. Қайта тұрғызылған кесене-мешіттің архитектура-
сы мен құрылыс тәсілдерінен эклектикалықтың көрінуі
Ресей империясының құрамына кірген Қазақстан мен
Орта Азияның дәстүрлі құрылысына XIX ғ. аяғы – ХХ ғ.
басындағы орыс сәулет өнерінің әсерінен пайда болған. Бұл
Қазақстанның бұрынғы кезеңдердегі діни ғимараттарынан
Арыстан баб кесене-мешітін өзгеше етіп көрсетеді. Ғимарат
құрылысының көп бөлігі патша уақытының тік бұрышты
және ортағасырлық шаршы күйдірілген кірпішінен қаланған.
Кесененің байырғы шырақшыларының ұрпақтарында
құрылыстың 1911 ж. сызбасы мен мөрі, қажылық етушілерге
қазір де тұмар ретінде басылып беріп жүрген мөр сақталған.
Мөрдің ортасында «Әзірет Сұлтан Қожа Ахмет Яссауи» деп
жазылған.
Ғимарат төбесі дұға етіп өрілген холл-айванмен
жалғанған кесенеден және мешіттен тұрады. Кесене бөлігі
Арыстан баб қабірі орналасқан көрхана мен үш бейіті бар
зиратханадан тұрады. Кешеннің оңтүстік жағында михрабы
бар намаз оқитын кең зал мен қосалқы бөлмелер орналасқан.
Арыстанбаб кесенесінің көлемдік-кеңістік компози-
циясы мен жобасы өзгеше. Негізгі фасады порталдан және
қабырғаның екі шетіндегі мұнаралардан тұрады. Кіре-берісін
әсемдеуде сәулеткерлік нақыш тәсілдердің сан-алуан түрі
қолданылған. Портал бөліктерінің үйлесімділігі мен пішіні
жарасымды.
Жақтаудың тура ортасында һижра бойынша 1327 ж.
(1909 ж.) деген жазуы бар мәрмәр тікбұрыш тақта орнатылған.
Ғимараттың бір ерекшелігі мұнда осындай бітімі бөлек
құрылысты салған ұстаның есімі жазылып қойылуында.
Ғимарат қасбетінің оңтүстік бөлігінің жақтауларындағы бір
ойықша ішінде үш қатар араб әріптерімен: «Ұста Қалмырза
бен Мүсәпір Түркістани» деп жазылып, һижра бойынша
1327 ж. көрсетілген.
Қариялардың хабарларына қарағанда, ғимараттың
алдында жан-жағы қабырғамен қоршалған еденіне кірпіш
төселген алаң болған. Оны 1930 ж. дейін мұсылмандардың
Құрбан айт мерекесі уақытында жиналған жұрт мешітке
сыймаған кезде намаз оқуға пайдаланған. Ал қазіргі кезде
Арыстан баб кесене-мешітіне таяу жерде зиярат етушілер мен
туристерге арналған арнайы орталық салынған.
Зияратхана
Зиаратхана
Здание примечательно также тем, что на нем сохранилось
имя строителя этого оригинального сооружения. На одном
из картушей фриза южной части комплекса три строки араб-
ским шрифтом: «Уста Калмырза бен Мусапир Туркестани» с
датой постройки – 1327 г. хиджры.
Согласно информации старожилов, перед главным
фасадом здания располагалась вымощенная кирпичом пло-
щадь, окруженная со всех сторон стеной. До 1930-х гг. она
использовалась при мусульманском празднике Курбан-айт,
когда крытая мечеть не вмещала всех желающих. В настоящее
время для паломников и туристов недалеко от мавзолея-ме-
чети Арыстанбаб создан специальный визит-центр.
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
95. Мавзолей-мечеть Ар станб б
I...,501,502,503,504,505,506,507,508,509,510 512,513,514,515,516,517,518,519,520,521,...730