265
түйіскен жеріне орналасты. Бұл алғашқы қала гербінен
көрініс тапты. 1842 ж. 19 желтоқсанда бекіген Петропавл
гербі көлденеңінен екі бөлікке бөлінген қалқан тәрізді болды:
жоғарғы бөлігі – Тобыл губерниясы, төменгі күміс бөлігінде
үстіне екі тең артылған түйені жетектеп бара жатқан керуен-
басы бейнеленген.
Қаланың жоғарғы бөлігіндегі құрылыс 1849 ж. бастал-
ды. Оған қаланың төменгі бөлігінде көктемгі күшті су тасқыны
мен өрт себепші болды. Экономиканың өсуі Петропавлдың
сандық және сапалық тұрғыдан өсуіне жағдай туғызды. Бұл
біртіндеп қаланың құрылысы мен сәулетінде айқын көрініс
таба бастады.
1854 ж. Петропавл штатында қала сәулетшісі пайда
болып, соның арқасында 1858 ж. алғашқы бас жоспар жа-
салды, 1861 ж. құрылыстың жаңа желілік жоспары бекітілді.
Осы жоспарға сәйкес негізінен қала орталығы жоғарғы бөлігі
саналатын тау үстінде, сонан кейін оңтүстік және шығыс
бағытта салына бастады. Қаланың бас көшесі және соған
қатар бірнеше көшенің жобасы, сондай-ақ солтүстік-шығыс
жағының құрылысы жоспарланды.
XIX ғ. бірінші жартысындағы барлық тарихи де-
ректерде Петропавл қазақ далалары мен Батыс Сібірдің
оңтүстігіндегі Орта Азия хандығының Ресеймен сауда жа-
сайтын негізгі орталық ретіндегі маңызы атап көрсетіледі.
Мұндай шаруашылық-мәдени белгілер қаланың сыртқы
түрінен де, қала тұрғындарының әлеуметтік құрамынан да,
сыртқы түрінен де көрініс тапты.
1860 жж. ортасында Петропавлда 7845 адам тұрды.
Солардың ішіндегі ең көбі қазақтар, екінші орында,
тұрғындардың жалпы санының 15%-ы саудагерлер болды.
Петропавлда 1500 үй орналасқан 39 көше, 30 тұйық көше:
110 тас, 1390 кірпіш және ағаш үйлер болды. Одан басқа
келуші саудагерлердің тауарларын өткізетін және тұратын
319 сауда-дүкен орындары болды. Петропавлдың сыртқы
бейнесі туралы сол кездегі әйгілі орыс шенеунігі А. К. Гейнс
былай деп жазды: «Қала сыртынан әдемі көрінеді. Әдемі со-
бор мен бірнеше мешіттер ашық аспандағы әдемі суреттей».
Автордың әдемі собор дегені Петропавлда 1803 ж. салынған,
осы күнге дейін тұрған
Әулие Петр мен Павел
соборы,
Солтүстік Қазақстанның басқа шіркеулеріне қарағанда өзінің
нақты міндеті бойынша екінші рет 1945 ж. бері жұмыс жа-
сай бастады.
Әр жылдары мұнда немістің көрнекті табиғат
зерттеушісі А. Гумбольдт пен оның әріптесі Г. Розе бо-
лып тұратын. Олар туралы әсерлері мен естеліктерін де-
Дабыл – қазақтың ұрыста және аңға шығарда қолданатын
аспабы. XVIII–XIX ғасырлар. Мұражай экспонаты
Дабыл – казахский боевой и охотничий барабан.
XVIII–XIX века. Музейный экспонат
Қазақ ерлерінің белдігі және қамшы. Мұражай экспонаттары
Казахский мужской пояс и камча. Музейные экспонаты
Қазақ қылышы. XVIII–XIX ғасырлар. Мұражай экспонаты
Казахская сабля. XVIII–XIX века. Музейный экспонат
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
22. Город Петропавловск
I...,255,256,257,258,259,260,261,262,263,264 266,267,268,269,270,271,272,273,274,275,...586