465
ымкент – Оңтүстік Қазақстан облысының
әкімшілік орталығы, республикамыздағы
ірі қалалардың бірі. Ол Бадам мен Сайрам
өзендерінің ортасында, өмір сүруге өте
қолайлы тау етегі белдеуінде орналасқан.
Қаланың оңтүстік-шығыс бөлігінде елдімекен
ішімен ағатын Қошқарата өзенінің бастауы – бұлақтар
орналасқан. Оның айналасын шым басқан көк шөп,
шалғын бұл мекеннің атауы «шым» – «көк, көк шалғын, өзен
бойындағы гүлге бөленген аңғар» және «кент» – «бекініс,
қала» деген мағаналарды білдіретін бөліктерден тұрады.
Яғни, Шымкент атауы сөзбе-сөз «көгалдың қасындағы қала,
бекініс», «жасыл алқаптағы қала» дегенді білдіреді.
Соңғы жылдардағы археологиялық зерттеулер
Шымкентті Қазақстанның көне қалаларының бірі деп есеп-
теуге мүмкіндік беріп отыр. Шымкент көне қалашығының
төменгі қабатынан шыққан табылымдарды талдау бұл жер-
де қоныстың пайда болуы б. з. д. І ғ. жататынын көрсетті.
Шымкенттің тарихы көп жағдайда Ұлы Жібек жолын-
да орналасқан ортағасырлық қалалардың тағдырын
қайталайды. Ол Оңтүстік Қазақстан жер аумағында алғаш
құрылған мемлекеттердің бірі – Қаңлы мемлекетінің өсу,
даму кезеңдерін, сондай-ақ көне түркі қағанаттарының,
Қарахандықтар мемлекеті дәуірлерін бастан кешіре оты-
рып, ара-кідік Испиджаб иелігінің орталығы болып отыр-
ды. Әскери шабуылдар мен өзара қырқысулар қаланың
құлдырауына алып келді.
Шымкенттің алғашқы аталуы XV ғ. жатады. Ол Шараф
әд дин Али Йездидің «Зафар-наме» («Жеңіс кітабы») атты
шығармасында Сайрамның қасындағы елді мекен ретінде
аталады. Ал XVII ғ. аяғына қарай ол қала ретінде аталады.
1691 ж. жоңғарлық билеушісі Галдан Бошохту ханның
елшілері қазақтың ханы Тәукеге бағынышты болған тоғыз
Ш
ымкент – административный центр Южно-
Казахстанской области, один из крупнейших
городов республики. Он расположен между
реками Бадам и Сайрам в весьма благопри-
ятной для жизни предгорной полосе. В юго-
восточной части города действуют родники,
дающие начало протекающей через него речке Кошкарата.
Луга, зелень вокруг нее послужили основой имени этого ме-
гаполиса: «шым» – «луг, луговина, цветущая долина в пойме
реки» и «кент» – «крепость, город». То есть Шымкент бук-
вально означает «крепость, город рядом с лугом», «город в
зеленой долине».
Ш
Бұрынғы Қоқан бекінісінен қарағандағы қаланың көрінісі.
ХІХ ғасырдың соңындағы фотосурет
Вид города со стороны бывшей кокандской крепости.
Фотография конца XIX века
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
91. Город Шымкент
Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындарының атласы
53. Қалмаққырған тарихи орыны
91. Шымкент қалас
I...,455,456,457,458,459,460,461,462,463,464 466,467,468,469,470,471,472,473,474,475,...730