719
арсакелмес аралы Арал теңізі деңгейінің
төмендеуіне байланысты 1990-шы жж. түбекке
айналды. Барсакелмес аралының ұзындығы
бұрын 30 км, көлденеңі 15 км жететін.
Табиғи қорық 1939 ж. құрылған. Алғашында
оның көлемі 17 мың гектардай болатын. Кейін
оған шығыс жағы құрғаған Қасқа құлан жері қосылған. Қазір
қорықтың жалпы көлемі 106 мың гектар шамасында.
Аралдың негізгі жер қабаты палеоген (гипсті саз,
құмайт, қиыршық) жыныстарының осы жерге 30 миллион-
дай жыл бұрын жиналған шөгіндісінен түзілген.
«Барсакелмес» атауы «барсаң – келмейсің» дегенді
білдіреді. Бұл жаз бойы мал тұяғы тимеген аралға қыста мал
өткізуден сақтандыру үшін айтылған. Егер көктемде аралдан
ерте қайтпасаң, қатқан мұз қайтар жолда көтере алмай суға
кетуің мүмкін дегені. Сол уақытқа дейін-ақ оның ерекше ата-
уына байланысты көптеген аңыздар, тіпті бұған ешбір қатысы
жоқ әрқандай бас пайдасын көздеген лақаптар тарап кетті.
Кейде оның атын мұнда болмаған барыспен байланыстыра-
ды. Барыс әдетте тауды мекендейді, ал мына аралға оның аяғы
жетпейді және аралдың табиғи жағдайы тау барысына лайық
емес. Сондай-қ мұнда НЛО ұшып келеді, себебі уақыт өзгеше
жүреді, аралда көне заманғы кесіртке тіршілік етеді және т. б.
қауесеттер таралған.
Аралдың климаты континентальді, ауаның жылдық ор-
таша температурасы 8
0
С-дан сәл асады, қаңтарда – минус 9
0
С,
шілдеде – плюс 25
0
С. Метрология станциясының мәліметі бой-
ынша, орташа жылдық жауын-шашын мөлшері – 95 мм. Арал
шөл даланың бір бөлшегі тәрізді.
Құмайт, сазды, тасты және сортаңды дала аралас жа-
татын арал өсімдіктерінің молдығымен ерекшеленеді. Мұнда
сексеуіл, қылшаның әртүрі, жүзген, түйесіңір, арқарбүйірген,
жыңғылбас өседі. Сексеуіл тоғайы кездеседі. Сортаң жерлер-
Б
стров Барсакельмес в 1990-х гг. превратился
в полуостров из-за известного падения уров-
ня воды в Аральском море. Длина острова в
прежние годы достигала 30 км, наибольшая
ширина – всего 15 км.
Заповедник на острове был создан в 1939 г.
Первоначальная площадь его была около 17 000 га. Затем к
нему с востока был добавлен осушенный участок Каскакулан.
Ныне заповедник имеет общую площадь почти 106 000 га.
Основной массив острова сложен осадочными по-
родами палеогена (гипсоносными глинами, алевритами и
песчаниками), которые накапливались здесь около 30 мил-
лионов лет тому назад.
Казахское словосочетание «барса-кельмес» озна-
чает «пойдешь – не вернешься (не придешь)». Это пред-
упреждение основано на том, что перегон зимой по льду
на нетронутые летом пастбища острова чреват некоторой
О
Бутаков мүйісі аймағы.
Тартылған Арал теңізі жағасының көрінісі
Район мыса Бутакова.
Береговые отметины обмеления Аральского моря
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
114. Природный заповедник Барсакельмес
Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындарының атласы
53. Қалмаққырған тарихи орыны
114. Барсакелмес табиғи қорығ
I...,709,710,711,712,713,714,715,716,717,718 720,721,722,723,724,725,726,727,728,729,...730