От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
130. Памятники архитектуры кочевников Мангыстау и Устюрта
Қорымдардың
көпшілігі
түркі
даласына
ислам
дінін әкеліп, жер асты мешіттерінде жалғызілікті күн кеш-
кен, сөйтіп тақуалығымен елді тәнті етіп, алдына шәкірт
келтірген
әулие
адамдардың
қасиетті
қабірлерінің
ай-
наласына
топталған.
Осындай
ғибратты
орындардың
бірі туралы XIX ғ. өзінде-ақ былай деп жазған екен:
«Маңғышлақ
төңірегі
толған
қазақ
пен
түрікмен
пір
тұтатын әулиелердің моласы. Олардың қабірлерінің жаны-
на шаншылған ұзын сырыққа ары-бері өткен адамдардың
барлығы құрбандық жолы ретінде шүберек байлап, ырым
жобасын
жасайды...
Кейбір
қабірлердің
үстіне
қашалған
тастан
күмбезді
ғимарат
тұрғызып,
Құран
сүрелерінің
аяттарын жазып қойған; ал кейбірінің жанында таяу ара-
да
көш
жолдары
өтетін
көшпенділердің
барлығы
кей-
де бас қосып, құлшылық ететін мешіт бар. …Бұл әулиелер
мен олардың көзі тірісінде көрсеткен кереметтері жай-
ында
аңыз-әңгімелер
өте
көп».
Сондай
аңыздардың
ба-
сым көпшілігі осы жерде ғұмыр кешіп, мәңгілік мекенін
осы
жерден
тапқан
әулиелердің
барлығы
Қожа
Ахмет
Яссауидің мүридтері болыпты деседі. «Қожа Ахмет Яссауи
қара жер қойнына кіргеннен кейін мүридтері шартарапқа
шашырапты,
соның
363-і
Маңғышлаққа
келген
екен;
олардың бәрі де қасиетті, бәлкім олардың есімдері бүгінде
ұмытылған да шығар, бірақ қабірлері қастерлі. Ең ба-
сты әулие екеу, олар – Қожа Ахмет Яссауидің мүриді
Хакім ата мен оның ұлы Сұлтан үпі». Ортағасырдан жаңа
заманға
дейінгі
мемориалды-ғұрыптық
сәулет
өнерінің
барша қырын жан-жақты көрсететін жер асты мешіттері
мен қорымдар орналасқан киелі дала – көшпенділердің
материалдық
және
рухани
мәдениетінің
белгілерін
жарқырата
танытатын
орынға
айналған.
Бұл
ландшафт-
та
ортағасырдан
да
әріде
адам
қолымен
тұрғызылған
сәулет өнері ескерткіштер мол. Жер асты мешіттерге ғана
емес, осындай көптеген қорымдарға да келіп, қабір айна-
лып зиярат етушілер әлі күнге дейін кездеседі. Байырғы
қорымдардың кейбіріне жергілікті Кіші жүз – адай руының
қазақтары әліге дейін қаза болған кісілерін жерлеп, зират
басына құрбандық шалады.
Ат шаптырым жерді алып жатқан қорым ішінде
монументтік
құрылыстар
кесенелер
мен
сағанатамдар
дара көрінеді. Ірі қорымдарда олардың санын онға жетіп
қалса, кейбірінде, тіпті одан да асып түседі. Кейде қатар-
қатар тізіліп, кейде шашыраңқы жататын бұл сағанатамдар
мен
кесенелер,
әлбетте,
қорымдардың
орталық
ядросы
іспетті. Сыртқы түрі мен тұрпаты, әрленуі қаншалықты
171
Саназар әулие қорымы. XIV ғасыр – XX ғасырдың басы.
Ағаш сырық-ту орнатылған бейіт
Некрополь Саназар-аулие. XIV – начало XX века.
Могилы с деревянными шестами-тугами
Қанға баба ғұрыптық кешені. XIV–XVII ғасырлар құлпытастары
Культовый комплекс Канга-баба. Надгробия XV–XVII веков
I...,161,162,163,164,165,166,167,168,169,170 172,173,174,175,176,177,178,179,180,181,...478