От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
130. Памятники архитектуры кочевников Мангыстау и Устюрта
халықтарының
сәулетшілігінде
сирек
кездесетін
көне
сәулеттік
құрылыс
тәсілдерінің
сақталуында»
деп
санай-
ды.
Бұл
тәсілдердің
қатарында
қабырғаны
тұрғызу
бара-
сында тастан құрылыс салудың көне дәстүрі «ортасындағы
қуыстарды толтыра отырып, ірі қойтастарды екі қатарда
жымдастыра
қалау,
сөйтіп
әуелгі
төртбұрышты
қалпын
күмбездендіре аяқтау» әдісін айтады.
Көне дәстүр қалдығы ХІХ ғ. ортасынан бастап Маң-
ғыстау мен Үстірттің мемориалды-ғұрыптық сәулет өнері
елеулі өзгерістерге ұшырап, ХХ ғ. басына қарай көркемдік
мәнері мен орындау техникасы бойынша өзінің шыр-
қау шег іне же ткен кезде де үзілген жоқ. Мұ ның себебін
М. М. Мең діқұлов «кесене тұрғызған ел ішіндегі хас
шеберлердің байырғы дәстүрлі құрылыс дағдысын жақсы
білгендігі мен оларға мейлінше ұқсап бағуға тырысуы-
нан» көреді. Олар бұрынғы сәулетшілердің әдіс-тәсілдерін
өздері пайдаланып қана қоймай, өздерінен кейінгі буынға
да үйретіп кетті, сөйтіп өрнекті шығармашылық пен көне
сәулеттік-құрылыс
құпияларын
сақтап
қалуға
ықпал
етті». Сонымен бірге ол неғұрлым соңынан тұрғызылған
ескерткіштерде
жат
жерден
келген
жаңа
тәсілдер
мен
детальдердің
төбе
көрсеткенін
айта
кетеді.
Дегенмен
де Маңғыстау мен Үстірт ескерткіштерінен орыс сәулет
өнерінің
ізін
таба
қою
қиын,
мысалы,
Қазақстанның
оңтүстік өңірінде XIX ғ. соңы мен XX ғ. бас кезінде
қолданыста
болған
күйдірілген
кірпіштен
өрілетін
дәс-
түрлі ислами сәулеттік ғұрыптық құрылыстарда орыс сәу-
лет өнерінің, сондай-ақ жаңа құрылыс материалдары мен
технологиясының
пайда
болуына
байланысты
қалыптас-
қан жаңа стильдің ұшқындарын жиі кездестіруге болады.
ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. бас кезінде Маңғыстау мен
Үстірт
өңірінде
ғұрыптық
құрылыс
салу
дәстүрі
бұрын-
соңды
болмаған
екпінмен
құлашын
жайды.
Сәулеттік
құрылыс салу, құлпытас ою не болмаса қабіртам тұрғызумен
тасқалаушылар,
тасқашаушылар
мен
суретшілерден
құ-
ралған тұтастай шеберлер тобы тынымсыз жұмыс істеді.
Осы өңірде белгілі бір ғана Сейсем ата қорымының өзінен
ерте кезеңнен соңғы сатыға дейінгі сәулет өнері жүріп өткен
жолдың бедерін айқын аңғаруға болады. Бұл ескерткіштер
көне
қабірлердің
үстінде
белгіге
айналған,
қарадүрсін
қашалып,
қарапайым
қаланған
ғұрыптық
ескерткіштерден
ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. бас кезіндегі мүсіндік тұрқы
айшық-талып,
өрнегі
мұқият
түсірілген
құлпытастарға
дейінгі
тас
қашау
шеберлігінің
қалай
жетілгендігін
көрсетеді. XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы кесенелер өзінің
179
Қанға баба ғұрыптық кешені. Қаракөз кесенесі.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысы. Кіру ойығы
Культовый комплекс Канга-баба. Мавзолей Каракоз.
Первая половина XIX века. Входной проем
Қамысбай қорымы. ХІХ ғасыр кесенесінің кіреберіс жиегіндегі
ойылып салынған өрнек
Некрополь Камысбай. Резной орнамент
в обрамлении входного проема мавзолея XIX века