377
орналасқан. Қазіргі кезде бұл жерде Қазақстанның елордасы
Астананың қарқынды құрылысы жүріп жатыр.
Солтүстік сібірлік өзендердің бастау-көздері мен
ортаазиялық су алаптарының түйіскен жеріндегі бұл орын
шаруашылықты игеру, әскери-стратегиялық плацдарм, ендік,
бойлық бағыттарда керуен жолдарын бақылау мүмкіндіктері
жағынан аса ыңғайлы мекен болды. Бозоқтың негізін салу-
шылар өзеннің маусымдық құйылысын дұрыс анықтап,
таңдағанға ұқсайды. Бұзықты көлінің қала үйіндісі көрініп
жатқан шығыс қапталын су баспайды. Ал, су қайтқан соң
бұл өңір шалғынды мол жайылымға айналады және, әрине,
көлдің өзі су құстарының ұясы қызметін атқарады.
Мекен орнын таңдауда көл-батпақты ландшафтқа
артықша мән берілген – жасырынуға да ыңғайлы, соны-
мен бір мезетте қоршаған кеңістікті көзден таса етпеуге де
қолайлы. Бұған табиғи су алқаптары мен батпақтар жүйесі
қоршаған Бұзықты көлінің өзі оңайлықпен алдырмас сыртқы
қамал болса, ішкі дөңгелек-тізбек қорғаныс шарасын құрады.
Үйіндінің айналасынан канал, арық және «атыз» түріндегі ар-
найы ойластырылған арық жүйесі байқалады.
Бозоқ қалашығы да Еуразияның көптеген далалық
қоныстары сияқты жұқа мәдени қабаты бар. Қоныс олжа-
лары бірыңғай сипатта. Мұнда оңтүстік қалалардағыдай
қолдан жасалған заттар көп емес, бірақ бұл қаланы алғаш
салушылар Сарыарқа заңын мықтап ескерген. Бозоқтың
өзіне тән ерекшелігі дәл осынысымен өзгешеленеді.
Ескерткіш көп компонентті, тұрғын үй, өндірістік және жер-
леу құрылғыларынан тұрады. Оның тарихы екі кезеңге
бөлінеді: ерте кезең – аумақ адамдардың мекені болған және
кейініректегі кезеңде – құрылыстар үйіндісі қайтыс болған
адамды жерлеу орны болған.
Көне Бозоқ үш ерекше топтан тұрады. Оның орталық
бөлігі мәртебесі бойынша бүкіл жүйедегі ең мәнді орын. Қала
кейпіндегі солтүстік орамы негізгі элементтің рөлін атқарып,
өте биік топырақ-дуалмен қоршалды. Жер бетіндегі үйлерден
тұратын басқа екі орам көлемі жағынан басқаларынан кіші
болды. Орамдардың мұндай қатынасы, сондай-ақ қорғаныс
құрылыстары құрылымы (ішкі ор және сыртқы үйінді) ер-
те түркі дәуіріне тән сипат болды. Яғни орталық бөлігінің
құрылыс ерекшелігі Х–XII ғғ. Қыпшақ хандығының
кезеңіне жатады. Бұл кезде қала әскери орда, билеушінің
әкімшілік резиденциясы және керуен жолдарын бақылау
пункті ретінде пайда болды. Бозоқ солтүстіктен оңтүстікке,
шығыстан батысқа апаратын керуен жолдарының түйіскен
жерінде тұрды.
Бозоқ қалашығындағы археологиялық лагерь. Арғы жағында
Астана қаласының панорамасы
Вид археологического лагеря у городища Бозок.
На заднем плане – панорама города Астаны
Археологиялық лагердегі киіз үй шаңырағы
Шанырак юрты в археологическом лагере
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
34. Городище Бозок