423
Тесіктас жартасы
Скала Тесиктас
Тесіктас. Аспа тұсынан салынған суреттер композициясы
Тесиктас. Композиция рисунков на своде навеса
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
38. Наскальная живопись Сарыарки
қарапайым геометриялық денелердің немесе белгілердің
суреті де кездесіп қалады. Баянауыл тауларындағы
жартас суреттерінің пайда болу уақытын анықтау аса
қиын, дегенмен, оларға ұқсас басқа жартас суреттерге
қарап, едәуір ертедегі туындылар екенін аңғаруға бола-
ды. Сызба суреттердің басым көпшілігінің жасын қола
ғасырының шегінен шығаруға болмас, яғни андронов
және беғазы-дәндібай мәдениетіне тән тайпалардың жап-
пай отырықшылану кезеңіне жатқызуға болады.
Орталық Сарыарқадағы жартас суретердің тағы бір
тамаша ескерткіші – Шерубай-Нұра өзендеріне жоғарыдан
қосылатын бұлақтардың бірінің сағасындағы Қызылтау тау
сілемдерінде орналасқан Тесіктас үңгірі. Бұл көл жағасында
орналасқан Баянауыл үңгірінен тым алыста жатыр және
суреттерінің пайда болуы жөнінен олар өте ерте кезеңге
жатады. Тесіктас қоршаған табиғи ортасы жағынан басқа
типтегі ландшафт үлгісін көрсетеді.
Тау етегіндегі жазықтықта, онша биік емес шоқы-
ларға жақын маңда бір-біріне қарама-қарсы тұрған екі
жартас оқшау сорайып көрінеді, олар кәдімгі граниттен
сомдалған белгісіз батырлар тәрізді. Бір жартасты су мен
жел үздіксіз қажап тесіп шыққан да, оның қуыс күмбезінің
бетіне кескіндемелік суреттер салынған. Күмбездің орта-
сына жақсы тануға болатын қысқа мүйізді екі бұқа және
крест секілді бірнеше белгі бейнеленген. Оның қасындағы
аморфтық қызыл бояу дағы – өшіп қалған, тек өткен ғасыр
суретшілері салған суреттері бойынша пайымдауға болатын
басқа бейнелердің ізі көрінеді. Жануарлардың біреуінің
кескіні сұлба сызықпен салынған, екіншісі нобайланған,
бірақ бұл бейненің бір бөлігі ғана сақталған. Күмбездің
I...,413,414,415,416,417,418,419,420,421,422 424,425,426,427,428,429,430,431,432,433,...586