431
Баянауыл ауылындағы Жаяу Мұса Байжанұлының ескерткіші
Памятник Жаяу Муса Байжанулы в ауле Баянаул
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
39. Баянаул – родина жырау и акынов
Жасыбай көлі – халық композиторы әрі әнші Жаяу Мұсаның
шығармашылық бесігі
Озеро Жасыбай – колыбель творчества народного композитора
и певца Жаяу Мусы
оның бейітінің үстіне Мәшһүр Жүсіп Көпеев ағаштан белгіл
тұрғызғанымен ол уақыт өте бұзылып қалды. Жыраудың
тікелей ұрпақтары ол жерленген жерге ағаш тақтаға оның
есімі мен уақытын жазды. 1933 ж. ұлы жыраудың бейітінің
басына биік қабырғалы шатырмен күмбезделген жыраудың
атына лайық монументальды мазар тұрғызылды. Сол уақытта
Қарағандыда бекет маңы алаңына жырауға ескерткіш
қойылды. Павлодардағы Әдебиет және өнер мұражайы Бұқар
жырау атымен аталып, 2003 ж. С. Торайғыров атындағы Пав-
лодар мемлекеттік университетінің алдына мүсіні орнатылды.
...Ауылға бір адам келе жатыр, басқалардай емес,
«қаланың» киімін киіп алған. Ол ауылға кірген кезде,
ауылдағылар барлық жұмыстарын тастай салып, тайлы-
таяғына дейін қалмай алдынан шықты. Лезде бір шоғыр
адам жиналып қалды. Құты қонақты қарсы алып мәз-
мейрам болған ортада скрипканың үні естіліп, ән шырқала
бастады... Ол келген сайын әрбір ауыл әрқашан ән-жырға
бөленетін еді. Бұл – қазақ халқының атақты сал-серілерінің
бірі - әрі әнші, әрі композитор атақты Жаяу Мұса болатын..
Жаяу Мұса Байжанұлы
(1835–1929) Павлодар
облысының қазіргі Баянауыл ауданындағы Жасыбай
көлінің маңында дүниеге келген. Жаяу Мұсаның әкесі Бай-
жан қарапайым шаруа болған. Анасынан ерте айрылған
баланы жеті жасында молдаға оқуға береді, онда ол араб-
ша оқып үйренеді. 15 жасында Петропавлға кетіп, онда
бір саудагер-татарға жалданып, жұмыс жасайды. Осын-
да жүріп орыс тілін үйреніп, жұмыстан қолы қалт ет-
кенде қала өмірімен, оның ішінде қала ән-жырымен
танысады, бұл оның эстетикалық көзқарасына ықпал
етті. Мұнда ол бірінші рет өзіне беймәлім скрипка мен
сырнай үнін естіді, өз бетімен осы аспаптарды тартып
үйренеді. Онан кейін Омбыға келеді, онда үрмелі аспаптар
оркестрін тыңдап, марш, вальс, мазурка сияқты әуендерді
құлағына құйды. Кейін осы Еуропа және орыс музыка-
сы композитор шығармашылығына үлкен әсерін тигізді,
оның шығармалары қазақ әуендерінде бұрын болмаған
ерекшеліктермен көзге түсті. Жаяу Мұсаның әндерін алғаш
рет нотаға түсірген қазақ дәстүрлі музыкасын зерттеуші
А. В. Затаевич былай дейді: «Қазақтың әйгілі әнші-ақыны
Жаяу Мұса Семей губерниясына қарасты Павлодар уезінің
Баянауыл ауданындағы Айдабол руынан шықққан. Оның
әліге дейін көзі тірі, бірақ қартайып қалған. Кедейлігіне
қарамай ел ішін жаяу аралап өнер таратқан ақын соңынан
«жаяу» деген лақап ат қоса ілескен. Әдетте бала кезінен ат
құлағында ойнап өсетін қазақтарға жаяу қалудан артық