81
№ 11 қорған зиратішілік кешенінің графикалық
реконструкциясының нұсқасы
Вариант графической реконструкции
внутримогильного комплекса кургана № 11
№ 11 қорған. Жерлеу орны бар шеген
(бөренелерден қаланған қима)
Курган № 11. Сруб с погребальной колодой
в раскопе
№ 11 қорғаннан табылған бас сүйек бойынша жасалған берел
көсемінің антропологиялық реконструкциясы
Антропологическая реконструкция облика берелского вождя
по черепу из кургана № 11
жасап, сыртына алтын жалатқан таңғажайып құс – бүркіт
грифонның мүсіні қойылған.
Көсемнің басында қысқа шашы бар. Желкесіне бір
түп бұрым қойылған. Тірі кезінде адам сақал мен мұрт
қойғаны байқалады. Бас сүйегінің төбесінде аяқталмаған
трепанациялық операцияның ізі анықталған. Оған екі түрлі
түсінік беруге болады. Ол не бальзамдау кезінде миды алу үшін
ашылған, не шайқас кезінде алған ауыр жарақаттан кейін жа-
радан сүйек сынықтары мен ұйыған қанды алу үшін істелген.
Қабырғалары мен бел омыртқасында бітіп кеткен көптеген
сынықтардың ізі анықталған.
Ер адамның жасы отыз бен қырықтың арасы.
Антропологиялық типі – моңғолоидтық белгілері айқын
көрінетін еуропеоид. Сөз жоқ, бұл адам тайпалар одағының
немесе ерте мемлекеттік құрылымның көсемі қандай болуға
тиіс болса, дәл сондай ержүрек, тәжірибелі жауынгер болған.
Әйел адам біраз кейінірек жерленгенге ұқсайды.
Аттар екі қабатқа жатқызылған: астыңғы қабатта жеті,
үстіңгі қабатта алты аттың денесі бар. Аттар адамды басқа
дүниеге алып барады деген сенімге орай ат ат әбзелдерін
толық кигізіп, бетперденің көмегімен танымастай өзгертілген.
Берелдік аттарды тоңазыған қалыпта сақтау
жағдайының кереметтігі, оған палинологиялық (грек тілінде
paline – жұқа тозаң) талдау жасап, жерлеу кезеңін анықтауға
мүмкіндік берді. Ас қорыту жолын шаю кезінде қылқан
жапырақты, астық тұқымдас өсімдіктер сабағының, қабық
талшықтарының қалдығы анықталған. Тозаңдары палино-
кешенге ұсынылған алтайлық өсімдіктердің гүлдену мерзімі
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
6. Некрополь Берел
I...,71,72,73,74,75,76,77,78,79,80 82,83,84,85,86,87,88,89,90,91,...586