477
ртағасырлық Сайрам қаласының қалдық-
тары қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының
орталығы Шымкент қаласынан шығысқа
қарай 10 км жердегі өзімен аттас ауылдың
аумағында. Ертедегі дерек көздерде Сайрам-
ның басқа аты – Испиджаб жиі кездеседі.
Махмуд Қашқари 1074 ж. құрастырған атақты «Түркі
тілдерінің лұғатында» былай деп жазады: «Сайрам – Испид-
жаб деп аталатын Ақ қаланың (әл-Мәдинат әл-Байда) атауы.
Оны сондай-ақ Сариям деп те атайды». Осы жазба негізінде
629 ж. Үндістанға сапарға шыққан қытай саяхатшысы Сю-
ань Цзанның жолжазбасында аталатын «Ақ өзендегі қала»
Сайрамға сай келеді деп саналады.
Сайрам-Испиджаб Ұлы жібек жолы бойындағы ірі
қалалардың бірі, ол түрлі діндер: христиан, зороастр және
ислам діндерінің тоғысқан орталығы болды. Қала ислам діні
қазақ жеріне ене бастаған кезде басты орталықтардың біріне
айналды. Қазір де Сайрам әулиелеріне мыңдаған мұсылмандар
келіп, зиярат етеді.
Ортағасырлық Қазақстан тарихындағы көптеген са-
яси оқиғаларға байланысты Сайрам аталады. Испиджаб бір
кездері Тараз, Фараб, Шауғар, Сауран құрамында болған
феодалдық иеліктің астанасы болған, қала өз ақшасын
шығарды. Кейінгі ортағасырларда Сайрам Қазақ хандығының
ірі экономикалық, саяси және діни орталықтарының біріне
айналды. Мырза Мұхаммед Хайдар Дулаттың «Тарихи-Раши-
ди» атты еңбегінде «Қараталда қыстап шыққан Қасым ханға
ерте көктемде Қаттабектен (Сайрам әкімі) және Сайрам
басшыларынан өкіл келіп, Сайрамның кілтін сыйға тартты...
Қасым хан оны қабылдап алды. Қаттабек оған Сайрамды беріп,
Қасым ханға қызметке тұрды», – деп баяндалады. Тәуке хан
билік құрған кезде Сайрамның түбінде орналасқан Мәртөбеде
қазақ жүздерінің өкілдері бас қосып, кеңес құрған.
О
статки средневекового города Сайрам рас-
полагаются на территории современного
одноименного села, лежащего в 10 км на
восток от Шымкента – центра Южно-Казах-
станской области. В более ранних источни-
ках чаще встречается иное название Сайрама
– Испиджаб. Махмуд Кашгари в своем знаменитом «Словаре
тюркских наречий», составленном в 1074 г., писал: «Сайрам
– название Белого города (ал-Мединат ал-Байда), который
называется Исбиджаб. Про него говорят также – Сарьям».
На основании этой записи предполагают, что упомянутый
в маршрутнике китайского путешественника Сюань Цзана,
отправившегося в 629 г. в Индию, «город на Белой реке» со-
ответствует Сайраму.
Сайрам-Испиджаб был крупным городом – мегаполи-
сом на Великом Шелковом пути, центром соприкосновения
и контакта различных религий: христианства, зороастризма
и ислама. В период распространения на территории Казах-
стана ислама город стал форпостом новой мировой рели-
гии. И сегодня святые места Сайрама остаются объектами
религиозного паломничества тысяч мусульман.
С именем города связаны многие политические со-
бытия средневековой истории Казахстана. Испиджаб был
столицей феодального округа, куда входили Тараз, Фараб,
Шавгар, Сауран. У него был свой монетный двор. В период
позднего средневековья Сайрам стал крупным экономиче-
ским, политическим и религиозным центром Казахского
ханства. По сообщению Мирзы Мухаммад Хайдара Дулати,
при Касым-хане «к нему явился человек от Катта-бека вме-
сте с главами Сайрама и преподнес ключ от Сайрама». В пе-
риод правления хана Тауке представители казахских жузов
собирались для совещания на холме Мартобе в нескольких
километрах от Сайрама.
О
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
92. Памятники Сайрама
Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындарының атласы
53. Қалмаққырған тарихи орыны
92. Сай м ескерткіштері
I...,467,468,469,470,471,472,473,474,475,476 478,479,480,481,482,483,484,485,486,487,...730