484
Сайрамның сәулет өнері ескерткіштерінің ең салта-
наттысы Әбдел Әзіз баб кесенесі ауылдың солтүстік бөлігінде,
үлкен мазарат ортасында орналасқан. Әбдел Әзіз баб VІІІ ғ.
өмір сүрген және мұсылман әскерлерінің ту ұстаушысы болған.
ІХ ғ. ортасына дейін ислам елдерінде қабір үстіне күмбез
тұрғызуға тыйым салынғандықтан Әбдел Әзіз баб қабірі
үстіне алғашқы кесене тұрғызу қарахандықтар дәуірінде,
яғни Х–ХІІ ғғ. бой көтеруі мүмкін.
Авторы беймәлім «Рисоля» атты шығармада Әбдел Әзіз
бабтың ескі кесенесі қираған соң Әмір Темірдің қолбасшысы
Наурызахмет жаңа құрылыс тұрғызыпты делінеді. Алайда
Әмір Темірдің қолбасышылары арасында мұндай есімді шен
иесі жоқ. Деректерде Барақ хан деп аталған Ташкентте және
Сырдарияға жақын аймақтарда 1550–1556 жж. билік еткен
Наурызахмет атты тарихи тұлға белгілі. «Тарихи-и Қашғар»
атты тарихи шығармада оны қазақтардың ханы деп атайды.
Осы мәліметтерді негізге ала отырып, біз кесене құрылысы
ХVІ ғ. бірінші жартысында болған деп санаймыз. Уақыт өте
келе Наурызахмет салғызған ғимарат тозып бұзылғандықтан
оның орнына 1860-шы жж. аяғында бізге жеткен қазіргі ке-
сене салынған.
Әбдел Әзіз баб кесенесінің бөліктері өзара үйлесімді
композицияда орналастырылған, сыртқы бітімі сымбат-
ты. Ғимаратты тұрғызуда Орта Азия мен Қазақстанның
ортағасырлық сәулет өнерінде қолданылған үйлесімдік
тәсілдердің пайдаланғаны анықталды.
Сайрам елдімекенінің орталығында Қожа Ахмет
Яссауидің анасы – Қарашаш ана кесенесі орналасқан.
Қазіргі кесене 1851–1852 жж. тұрғызылыпты. Сайрам
елдімекенінің солтүстік-батыс шетіндегі дөң үстінде 1880 ж.
қайта тұрғызылған Қожа Ахмет Яссауидің әкесі – Ибраһим ата
кесенесі тұр. Ауылдың орталық бөлігіне жақындау Қарамұрт
ауылына баратын жол бойында орналасқан Салықтың Қожа
кесенесі XIX ғ. жатады және оның пошымы алдында аталып
өткен порталды-күмбезді кесенелерден өзгеше. Жоспар-
да шаршы болып келетін кесене төбесі уақытында бірінің
үстіне бірі орнатылған екі күмбезбен жабылған болатын
(сыртқы күмбезі бізге жетпеген), төрт қасбетінде үстіңгі бөлігі
сүйірленген қуыстары бар. Оңтүстік қасбетінің ішіндегі
қуыс қабырғасына құмыраларға салынған гүл бейнесі
салынған.
Қызыр пайғамбар мешітінің мұнарасы байырғы Сай-
рам орталығының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Ол
бізге жетпеген мешіт кешені құрамында болған. Қазір оның ай-
наласында құрылыс жоқ, ашық ара-кідік тал өскен алаңда тұр.
его месте в конце 1860-х гг. было построено новое здание
мавзолея, сохранившееся до наших дней.
Мавзолей Абдель-Азиз-баб имеет выразительную объ-
емно-пространственную композицию, красивый силуэт.
При строительстве его были применены методы построе-
ния архитектурной формы, связанные с традициями средне-
векового зодчества Средней Азии и Казахстана.
В центре Сайрама располагается гробница, воздвиг-
нутая, по легенде, над могилой матери Ходжи Ахмеда Ясави
– Карашаш-ана. Здание мавзолея, что мы видим сейчас, со-
оружено в 1851–1852 гг. А на окраине северо-западной ча-
сти села, на краю высокого откоса стоит мавзолей Ибраги-
ма-ата – отца Ходжи Ахмеда Ясави, последняя перестройка
которого производилась в 1880 г.
Мавзолей Ходжа Салиха вблизи центральной части
села по дороге в село Карамурт относится к ХІХ в. и от-
личается от только что названных портально-купольных
гробниц. Квадратный в плане, он увенчан двойным купо-
лом (внешний утрачен), имеет четыре фасада с неглубокими
стрельчатыми нишами. На южном фасаде – остатки живо-
писи в виде ваз с цветами.
Минарет мечети Хызыр-пайгамбар расположен в
центральной части Сайрама. Он входил в несохранив-
шийся комплекс мечети и ныне стоит на свободной от
застройки территории, окруженной деревьями. Восто-
Салық (Талиг) қожа кесенесі. ХІХ ғасыр.
Оңтүстік-батыс көрінісі. 1982 жылғы фотосурет
Мавзолей Ходжи Салиха (Талиг). XIX век.
Вид с юго-запада. Фотография 1982 года
Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындары атласы
1. Кенді Алтай
ның атласы
92. Сайрам ескерткіштері