490
және беткейдің ең жоғарғы шегіне орналасқан. Үңгірлер
Бөріжар қорымының ең көне бөлігін құрайды және б. з.
д. соңғы ғасырларымен және б. з. алғашқы ғасырларымен
мер-зімделеді, ал Жуантөбе қорымы ерте ортағасырларға
(IV–VIII ғғ.) жатады. Оның материалдары ислам дәуіріне
дейінгі жергілікті тұрғындардың жерлеу дәстүрін сипаттай-
ды. Жуантөбе қалашығында да қазба жұмыстары жүргізіліп
жатыр, онда VI–VII ғғ. қамалдың тұрғын-жайлары мен діни
құрылысы зерттелді.
Көлемі жағынан аса үлкен Бөріжар қорымы ерте-
ден белгілі. Мұнда Түркістан өлкесіндегі Императорлық
археологиялық комиссияның өкілі Н. П. Остроумовтың
бастамасы бойынша алғашқы қазба жұмыстары 1893 ж.
жүргізілді. Жасаған есептеріне қарағанда ол сағанадағы
қабірлерді зерттеген сияқты.
Одан кейін мұнда 80-дей жер үстілік жерлеу құры-
лысы ашылды. Қазір бүкіл Оңтүстік Қазақстанның ерте
ортағасырлық дәуіріндегі қалалық қорымдардың ішінде ба-
рынша көп зерттелгені Жуантөбе қорымы болса да, осы жер-
ден алынған материалдар мен бақылауларға түсінік беруде
әлі көптеген түсініксіз мәселелер орын алып келеді.
Көне қабір тоналғанын және бізге дейін көптеген
ғасырлардың аралығында қирағанын кез келген археолог
біледі. Тек бақытты кездейсоқтық қана олардағы алтын неме-
се күміс әшекейлерді сақтап қалуы мүмкін. Мамандарды көне
зират пен жерлеу құрылысы неге соншама өзіне тарта береді?
Оларды қайта-қайта оралта беретін алтын қазынаның көз
тұндырар жарқылы емес. Жерлеу керек-жарақтарының бұдан
әлдеқайда құнды, көп үміт күттіретін басқа да атрибуттары
бар. Олар: қыш ыдыстар, киім немесе керекті заттардың, қару-
жарақтың тат басқан темір және қола бөлшектері. Сонымен
бірге, әрине, ең бастысы – алынған мәліметтер негізінде
қалпына келтіруге болатын жерлеу құрылыстарының өзі және
өзіне тән жерлеу салт-жоралары. Қазу барысында алынған
Вся земная, бренная жизнь человека разными рели-
гиями чаще всего рассматривается как подготовка к смер-
ти и последующему инобытию или возрождению. Поэтому
изучение погребений и связанного с ними погребального
обряда – важное средство познания человеческих представ-
лений этого рода.
Наземные постройки сырцово-пахсовых склепов
были широко распространены на городских некрополях
Южного Казахстана, Семиречья и всей Средней Азии. Они
возникли в первых веках до н. э., и массовое их сооружение
прервалось с распространением ислама. Правда, в виде экзо-
тического реликта традиция эта сохранялась в ряде глухих
аулов Средней Азии и юга Казахстана чуть ли не до наших
дней как обыденная, предками завещанная погребальная
практика. При расчистке камер внутри склепов мы обычно
видим, что кости скелетов разбросаны по полу или собраны в
кучки у стен. Среди костей стоят целые керамические сосуды,
находятся отдельные детали одежды, украшений, проржавев-
шие металлические изделия. Иногда встречаются лежащие на
суфах или прямо на полу ненарушенные скелеты, при кото-
рых находятся железные (реже бронзовые или серебряные)
поясные пряжки, детали различных украшений, в изголо-
вье поставлены керамические сосуды. В отдельных случаях
внутри камер обнаружены крупные керамические сосуды
или специальные керамические урны (оссуарии), в которые
были уложены очищенные от плоти кости скелетов. Иногда
же кроме нескольких мелких косточек и отдельных буси-
нок в камерах ничего нет. То есть ситуация внутри камеры
может быть самой различной, и это затрудняет понимание
№ 19 катакомбаның қабірі. VII–VIII ғасырлар
Камера катакомбы № 19. VII–VIII века
Жер үстіндегі сағананың графикалық жаңғыртпасы
Вариант графической реконструкции наземных склепов
Алтайдан Каспийге дейін. Қазақстанның табиғи, тарихи және мәдени ескерткіштері мен көрнекті орындары атласы
1. Кенді Алтай
ның атласы
93. Бөр жар қорымы
I...,480,481,482,483,484,485,486,487,488,489 491,492,493,494,495,496,497,498,499,500,...730