495
әшекейлерімен, қосымша ішіп-жемімен шығарып салу дәстүрі
жоқ. Алайда біз мұны Жуантөбе және басқа да сағаналарды
тазалау кезінен көріп жүрміз. Бұл жерден біз темір және күміс
белдіктер айылбастарын, жапсырмаларын, темір қарулардың
қалдықтарын, әйел әшекейлерін, қыш ыдыстарын және т. б.
табамыз.
Зороастристік қағида мәйіттің сүйегін ұзақ сақтауға
қамқорлық көрсетуді қарастырмайды. Ал бөріжарлық жер-
леу орындарын қазу кезінде сүйектерді жеке қыш ыдыстарға,
арнаулы қыш, тас немесе алебастр сауыттарға салып, болма-
са шүберекке жай орап қойғанын көріп отырмыз. Бұл жер-
леу салт-жорасы Зарафшанда, Сырдарияда, Талас пен Шуда
бар екенін білеміз. Бұларда бұрын сүйектерді арнайы таңдап
алынған төбе беткейіне үйіп тастайтын болған немесе көп
кейінірек жерлеу құрылысының ішіндегі жалпы шұңқырға
және оқшауландырылған құрылыс ішіне – дахмаға тастаған.
Зороастризмді ұстанушылар өліктің денесін аң-құсқа
тастаған. Егер бұл тез іске асса, құдай өлген адамға ерекше
шапағат жасады деп есептеген. Жер үсті сағаналарында өлік
ұзақ уақыт аң мен адамнан, сондай-ақ табиғи апаттардан
қашан еті толық ағып кеткенше оңаша жатты. Содан кейін
ғана белгілі дәстүрлі күні оның сүйегін қыш ыдысқа немесе
сауытқа жинап салып, жасырын жерге түпкілікті жерледі.
Бұл айырмашылықтар зороастристік салт-жораларды
Бөріжар, Орта Азияның басқа да өңірлеріндегі сағаналарда
пайдаланды деп айтуға негіз болмайды.
Сағананың осы не басқа діндегі адамға қатысына қарап,
жер үстілік жерлеу құрылысының шығу төркінін негіздей
және оның пайда болу уақытын белгілей отырып, жерлеу
салт-жорасын жаңғыртудың ғылымда бірнеше жорамалдық
нұсқасы бар. Бірақ олардың бәрі де мінсіз емес және ол бізге
Бөріжар зираттар кешенінің қазбалары ұсынатын сенімді ма-
териалдар жиынтығын қажет етеді.
Оңтүстік Қазақстан облыстық мұражайының экспо-
зициясы жергілікті қолөнершілердің жоғары өнер иелері
екенін растайтын әртүрлі табылымдар коллекциясымен үнемі
толығы түсуде. Таза жергілікті өндірістің қыш ыдыстары Арыс
көзешілері әдемі және қолдануға ыңғайлы ыдыстар жасай
отырып, Орта Азияның көне көзешілік орталықтарының
қолөнершілік дәстүрі деңгейінде жұмыс істегендерін
куәландырады. Біздің ата-бабаларымыздың жоғарғы
шеберліктері туралы әртүрлі темір құралдардың үлгілері де
баяндап береді. Біздің мұражайлық қорымызда жергілікті
халық кеңінен халықаралық байланыстар орнатқанын сипат-
тайтын табылымдар да баршылық. Жартылай қымбат бағалы
Қола айылбас. VII–VIII ғасырлар
Бронзовая пряжка. VII–VIII века
Қола салпыншақ. VII–VIII ғасырлар
Бронзовая подвеска. VII–VIII века
Қола сырға. VII–VIII ғасырлар
Бронзовая серьга. VII–VIII века
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
93. Могильник Бориж р