491
мәліметтер мен қолдан жасалған керек-жарақтардың өзі осы
не басқа тарихи сұрақтарды түсінуге жол ашады.
Мұның еш оғаштығы жоқ, марқұмға қатынасты танып-
білу арқылы археология біздің ата-бабаларымыздың жанды
мәдениеті туралы көп нәрсе білетін болады. Барлық көне
діндерде «өмір-өлім» категориясы басты орындардың бірінде
тұратыны тегіннен-тегін емес және барлық діни жүйелер
өлгеннен кейінгі өмір мәселесін түсіндіруге баса мән береді
және беріп те келеді. Осы не басқа діннің шығуы «о дүниедегі
өмірге» сенудің дамуымен байланыстырылатыны ғылыми
дінтануды дүниеге әкелетіні тегін емес. Оның үстіне марқұмға
қатынасы жағынан ертедегі қоғамда өзара қарама-қарсы екі
сарын байқалады: жақын адамның денесін барынша жақсы
жағдайда сақтауға және одан қалай тез құтылуға болатынына
ұмтылу.
Әртүрлі діндегі адамдардың барлық жердегі, жалған
өмірі негізінен өлімге және одан арғы басқа тұрмысқа неме-
се қайта дүниеге келуге дайындық ретінде қарастырылады.
Сол себепті жерлеу құрылыстары мен оған байланысты салт-
жораларды зерттеу – осы бағыттағы адамдық түсініктерді
танып-білудің аса маңызды құралы.
Шикі кірпіштен жер үстіне сағана тұрғызу Оңтүстік
Қазақстан, Жетісу, Орта Азия қалалық зираттар кешенінде
кең тараған болатын. Олар б. з. д. алғашқы ғасырларда пай-
да болып, олардың жаппай құрылуы исламның таралуы-
мен бірге тоқтады. Рас, бұл бойға сіңген, ата-баба өсиет
еткен жерлеу түрі осы жақын уақытқа дейін Орта Азия мен
Қазақстанның оңтүстігіндегі алыс ауылдарда бұл дәстүрдің
экзотикалық жұрнағы ретінде сақталып келді. Сағананың
ішіндегі камераны тазалау кезінде сүйек қаңқаларын, әдетте,
еденге шашып тастағанын немесе қабырғаға тақап жинап
қойғанын көреміз. Сүйектердің арасында бірнеше қыш ыдыс­
тар тұрды, жекелеген киім жұқанасы, әшекейлер, тот басқан
металл бұйымдар жатты. Кейде сұпыда немесе тура еденде
тұтас сақталған қаңқалар кездесті. Оларда белдіктің темірден
жасалған (қоладан немесе күмістен жасалғандары сирек)
айылбасы, әртүрлі әшекейлердің бөлшектері ұшырасады,
басының астына қойылған қыш ыдыс шықты. Жекелеген
жағдайларда камерадан тазартылған қаңқа сүйектерді са-
лып қойған ірі қыш ыдыстар немесе арнаулы қыш сауыттар
табылды. Кейде камераларда аздаған ұсақ сүйектен немесе
жекелеген моншақтардан басқа ешнәрсе болмайды. Яғни,
камераның ішіндегі жағдай түрліше болады екен, бұл жер
үсті сағаналарына қатысты жерлеу салт-жорасын түсінуді
қиындата түседі. Сағана мәңгілік орын үшін қызмет ете ме,
№ 20 катакомбаның ойығы. VII–VIII ғасырлар
Дромос катакомбы № 20. VII–VIII века
Хум сынықтары бар № 20 катакомбаның қабірі. VII–VIII ғасырлар
Камера катакомбы № 20 с обломками хумов. VII–VIII века
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
93. Могильник Бориж р
I...,481,482,483,484,485,486,487,488,489,490 492,493,494,495,496,497,498,499,500,501,...730