663
Іңкәрдария өзеніндегі Сырлытам кесенесі. ХІІІ ғасырдың соңы.
Сол жақ пилонының белдеуіне (жоғарыда) және портал
аркасының үстіне ойып күйдірілген саздан жасалған тақталар.
1984 жылғы фотосуреттер
Мавзолей Сырлытам на реке Инкардарья. Конец XIII века.
Резные терракотовые плиты в пояске левого пилона (вверху)
и над аркой портала. Фотографии 1984 года
бұл құрылымдардың тым болмаса қалдықтарынан жеткілікті
дәрежеде сақталған ескерткіштер, оның алғашқы кейпін
талдауында ерекше бағалы болып табылады. Сондықтан
Шығыс Арал маңында сақталған Алтын Орда кезеңінің
екі кесенесінің маңызы арта түседі, олар жоғары дәрежеде
сақталғандығының арқасында бұл кезеңнің ақсүйектері
кесенелерінің негізгі екі типі туралы жеткілікті түсінік
береді. Екеуі де біркамералы порталды-күмбезді кесенелерді
көрсетеді, бір-бірінен түбегейлі айырмашылығы тек күмбезді
жабындарының құрылымдарында ғана болып келеді. Біреуі
аласа дөңгелек барабандағы жалаң қабат сфералы конустық
күмбезбен, екіншісі қабатталған қабықты күмбезбен, оның
ішкі қабығының пішіні сфералы конусты болса, сыртқысы
сегіз қырлы барабанда сегіз қырлы пирамида – «шатыр»
түрінде орындалып, жабылған. Біріншісі Іңкәрдария ауы-
лынан 25 км жердегі сол аттас тармақтың құрғақ саласы
жағасында, ал екіншісі Тоғай шағын ауылынан 16 км жердегі
Жаңадария өзенінің жағалауында орналасқан.
Бір қызығы, бір-бірінен едәуір қашықта жатқан олар-
дың екеуі де Сырлытам деген бір атауға ие. Архитектуралық
ескерткіштердің кейбір тым жиі кездесетін атауларының
маңызын М. К. Сембин талдай келе, былай деп жазды:
«Интерьердегі декоративтік қолтаңбамен, қасбеттердің
қаптауышындағы күйдірілген сары саз оймалармен, оның
ішінде Сырлытаммен байланыстыруға болады. Қазақстанда
мұндай атаулы кесенелер бірнешеу және олар еліміздің түрлі
аудандарында (Ақмола, Қостанай, Қызылорда облыстары)
орналасқан». Кесенелердің жалпы атауы шындығында, тарих
Іңкәрдария өзеніндегі Сырлытам кесенесі. ХІІІ ғасырдың соңы.
Интерьердің фрагменті
Мавзолей Сырлытам на реке Инкардарья. Конец XIII века.
Фрагмент интерьера
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
108. Золотоордынские мавзолеи Восточного Приаралья