707
Кіші жүз сұлтанының бөрігі. ХІХ ғасыр
Шапка (борик) султана Младшего жуза. XIX век
Кіші жүз сұлтанының қалпағы. XVIII–XIX ғасырдың басы
Калпак султана Младшего жуза. XVIII – начало XIX века
яси билігінде қалды, ал төменгілер 1743 ж. және 1762 ж. дейін
қазақтардың Кіші жүз ханының қол астында болды.
XVIII ғ. екінші ширегінде Солтүстік Арал маңы Жан-
кент үйіндісінің жанына өзінің басты ордасын орналастырған
Әбілқайыр ханның қыстайтын негізгі ауданы болды. Бұл жер-
де жұттан аман қалған малдар жайылып қана қоймай, көне
қаланың төңірегіне қырылған малдың орнын ұннан жасаған
тағамдармен толтыру үшін егін шаруашылығымен айналысу-
ына тура келді.
Жанкент сол кезде Иран шахы Нәдір үшін де маңыз-
ды стратегиялық жағдайға ие болды. Әбілқайыр хан Жан-
кент үйіндісінің жанынан жаңа бекіністі қала салу үшін
бірнеше мәрте Ресей үкіметіне өтініш жасады. Патшайым
Анна Иоановнаның 1735 ж. 20 тамыздағы жарлығы бой-
ынша Орынбор экспедициясының басшысы В. А. Урусовқа
қала салу үшін сол жердің жағдайын зерттеген соң ғана
іске кірісетінін ханға айт деп тапсырды. Осы мақсатпен пат-
ша үкіметі Әбілқайырдың ордасына «сол жерді қарап және
жердің картасын түсіріп келуге қабілетті офицерді жіберді».
Бұл тапсырманы орындау Орынбор драгун полкінің поручигі
Дмитрий Гладышев пен геодезист Иван Муравинге жүктелді,
олар 1740 ж. қыркүйек айында Орынбордан Сырдарияның
төменгі жағына аттанды. Олар жүргізген Жанкент үйіндісі
мен оның маңайын зерттеудің негізгі нәтижесі қалашықтың
бекініс қабырғаларының өте тозығыжеткендігі туралыИ. Мура-
виннің жазбасында көрсетілді.
Алайда қазақ халқының көптеген ұрпақтарының есін-
де Жанкент үйіндісі «алтын ғасырдың» нышаны болды – Арал
маңындағы көшпенді және отырықшы халықтардың көп
ғасырлық тарихындағы далалық жердің айбынды уақы-
ты болды. Үлкен хандықтың гүлденген астанасы болған
Жанкенттің өткен тарихы халық жадында қаланың қайғылы
халі мен улы жыландардан қырылған тұрғындардың қасірет-
ті жағдайы аңыз-әңгіме болып сақталып қалды.
Бабалардың әскери даңқы болған, әулет бақталас-
тарымен және көшпелі рулармен болған қақтығыстарда
жеңіп шыққан билеушілердің атағы сол кездегі уақытпен
байланысты және әртүрлі дала билеушілері әулетінің гео-
саяси кеудемсоқтығымен сабақтас жатыр. Сондықтан Арал
маңындағы қазақтардың мықты және атаққұмар басшы-
лары Әбілқайыр ханның билеген уақытынан бастап өз ор-
даларын Жаңакент маңына ғана емес, қалашықтың өзіне
орналастыруға тырысты. Осы жерде қазақ хандары жыртқыш
аңдарды, соның ішінде қамысты мекендейтін жолбарыстар-
ды аулады. Жанкент үйіндісінің жанында хандар өздеріне
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
1. Рудный Алтай
112. Городище Жанкент
I...,697,698,699,700,701,702,703,704,705,706 708,709,710,711,712,713,714,715,716,717,...730