75
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
59. Турксиб
Магистраль құрылысшылары түскі үзіліс кезінде.
1929 жылғы фотосурет
Обеденный перерыв строителей магистрали.
Фотография 1929 года
Айнабұлақ станциясында Түрксібтің Солтүстік және Оңтүстік
бөліктерінің қосылуына арналған салтанатты жиналысқа
келген ауыл қазақтары. 1930 жылғы фотосурет
Казахи окрестных аулов на торжественном митинге
в честь смычки Северного и Южного участков Турксиба
на станции Айнабулак. Фотография 1930 года
сы) дейін барады. Оның дүниеге келуінің хронологиялық
тарихы мынадай.
1926 ж. 3 желтоқсанда КСРО Еңбек және Қорғаныс
Кеңесі Түрксібті салу туралы қаулы қабылдады. РКФСР Халық
комиссарлар кеңесі жанынан оның құрылысын үйлестіру
комитеті құрылып, төрағасы болып көрнекті саяси және
мемлекет қайраткері Т. Рысқұлов бекітілді. Құрылыс басшы-
сы етіп Қызыл әскердің дивизия командирі, шаруашылық
қайраткері В. С. Шатов тағайындалды. Сондай-ақ Қазақ
АКСР ХКК мен Орта Азия республикалары, Кеңестердің
губерниялық, уездік атқару комитеттері жанынан Үйлестіру
комитеттері құрылды.
Идеялық дем беруші және магистральды салуға
тікелей қатысушылардың бірі – Верный қаласында (қазіргі
Алматы) гимназияны алтын медальмен, сонан соң им-
ператор I Александр атындағы Петербург жол қатынасы
инженерлерін даярлайтын институтын бітірген дарынды ин-
женер Мұхамеджан Тынышбаев болды. Түрксіб құрылысына
Тынышбаев Рысқұловтың шақыруымен келді және мұнда
1927–1930 жж. жұмыс істеді. Оның ұсынысымен магистраль
трассасын салудың Қордай нұсқасы орнына Шоқпар нұсқасы
қабылданды. Ол Қордай нұсқасынан ұзын болғанмен, үлкен
шығынды қажет етпеді және пайдалануға тиімді болды. Ты-
нышбаев басқа да инженерлік-техникалық мәселелерді ше-
шу, жұмысты ұйымдастыруды жақсарту шараларын әзірлеу,
жобалық-сметалық құжаттарды үйлестірумен айналысты.
Ертіс жағасындағы ескі Семей қаласы мен Қазақ-
станның оңтүстігіндегі алыс даладағы болашақ Луговой
стансасы темір жол магистралын жасауда тірек нүктелері
ретінде таңдап алынды да, 1927 ж. бір мезетте екі жақтан
қарама-қарсы жүріп отыратын құрылыс жұмыстары ба-
сталды. Күрежол қоныстар аз, сусыз жерлермен өтті, ал
Айнабұлақтан Сергиопольге (қазіргі Аягөз) дейінгі 500 км
созылған аралықта мүлде елдімекен болмады. «Сол кезде біз
болашақ Айнабұлақ стансасының оңтүстігіне таман, сортаң
қыраттарда, аңызақ шөл далада жұмыс істедік, – деп еске
алады құрылысқа қатысушылардың бірі прораб А. И. Лап-
шин. – Бірде-бір ағаш, бұта, тіпті шөп жоқ! Сирек-сирек
жусан кездеседі. Толқынды сары сағымнан басқа сонау
көкжиекке дейін ешнәрсе де жоқ. Енді осы картинаға адам өз
белгілерін салуда. Расы сол. Ол белгі солтүстіктегі көкжиектен
оңтүстікке тура аспанға дейін даланы, өз жолында барлық
төбе-қыраттарды жермен-жексен етіп, шығыс және батыс
бөліктерге бөліп кетіп барады. Бұл төселген үйінді суреті. Ол
төсеушіні күтіп жатыр».
I...,65,66,67,68,69,70,71,72,73,74 76,77,78,79,80,81,82,83,84,85,...730