83
Уәли бай мешіті кешенінің ауласына кіретін орталық
қақпаның порталы
Портал центрального входа на территорию комплекса
мечети Уалибая
оларға екі жағынан әрі қарай кешеннің шығыс қабырғасы –
медресе үйінің маңдай беті аулаға қарайтын ашық галерея-
айван жалғасады. Ауланың айнала шеті кірпіштен қаланған
іргетастың үстіне аса шебер қойылған ағаш қоршаумен
қоршалған. Ал солтүстік және оңтүстік бүйір қақпалары мен
жоғары кірпішті төбесіндегі жұқа ағаш шарбақты қабырғаны
қоршаған аула будда храмдарының қоршауы мен қақпасына
ұқсас. Кешеннің солтүстік-шығыс бұрышындағы көлемі мен
пішіні қарапайым кіші мешіт жай ғана екі қапталды шатыр-
мен жабылған, төртбұрышты кең залының батыс қапталында
михрабы, алдында айваны, шағын ауласы, көшеге шығатын
жеке есігі бар. Бұрын оған көрші орамдардан да күн сайын
адамдар келіп тұрған, сол себепті орамдық (кварталдық )
мешіт ретінде қызмет етті.
Кешеннің шығыс бөлігіне тығыз топтасқан бұл
құрылыстар қоршалған аумақтың аз ғана бөлігін алып жа-
тыр. Қалған көп бөлік – бос кеңістіктің бәрі негізгі, ең әдемі
және қызметі мен көлемі жағынан ең мәнді ғимарат – жұма
мешіттің айналасына шоғырланған. Ол кешеннің орталық
көлденең өсіне күйдірілген шаршы сұр кірпіштен әдейі
биік етіп көтерген кеңістіктің үстіне орналасқан. Жан-жағы
көгалға толы бақ пен гүл, ағашпен қоршалған осындай
биіктегі мешіт кәдімгі аралда тұрғандай әсер береді. Мешітке
кіреберістегі платформа алға шығыңқы тұратын алаңқайды
құрайды, негізгі және бүйір қақпадан ұзын әрі тас төселген,
сонымен қатар жер деңгейінен көтерілген кірпішті жол
төселген. Ғимараттың сыртқа шығып тұрған бөлігінің (цо-
коль) іргетасы күйдірілген кірпіштен, қабырғасы шикі
кірпіштен қаланған, іші-сырты алебастрмен сыланған, ал
төбесі, шатыры, мұнарасы, бағандары, баспалдақтары, гале-
реясы Тянь-Шань шыршасынан жасалған.
Ұзындығы – 54,5 м, көлденеңі – 29 м мешіт қарапайым
тікбұрышты формада тұрғызылып, батыс жақ қапталындағы
михрабы шығыңқы істелген. Шатырының етегі қабырғадан
әрі қарай мол шығарылып, бұрыштары қытай сәулет
дәстүрімен жоғары қарай қайыра иілген. Шатырдың етек-
жиегі (карниз) қытайша доугун деп аталатын күрделі
жүйемен тігінен және көлденеңінен орнатылатын ағаш
элементтерінен құрастырылып, ғимаратты шыр айнала
тұрғызылған 122 ағаш бағанның үстіне отырғызылған. Бұл
үйді айнала жасалған сәнді жабынды ашық галерея-айванның
қызметін атқарады.
Мешіттің михраб бөлігінің үстіне бұрыштан
көтерілген, Қытай ғибадатханасының шатырына ұқсас
екі қабатты мұнара тұрғызылған. Оның жалпы биіктігі –
Уәли бай мешіті кешенінің ауласына кіретін оңтүстік-шығыс
бүйірдегі қақпа
Ворота юго-восточного бокового входа
на территорию комплекса мечети Уалибая
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
60. Мечеть Уалибая
I...,73,74,75,76,77,78,79,80,81,82 84,85,86,87,88,89,90,91,92,93,...730