73
От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
59. Турксиб
Айнабұлақ станциясына бірінші пойыздың келуі.
И. Ильф пен Е. Петровтың «Золотой теленок» романындағы
Е. Шукаевтың суреті
Прибытие первого поезда на станцию Айнабулак.
Иллюстрация Е. Шукаева к роману И. Ильфа и Е. Петрова
«Золотой теленок»
салт аттылар бұдан екі жыл бұрын болашақта кездесеміз деп
келісілген жерге қарай асығып келеді. Көшпенділер ауыл-ау-
ылымен келе жатыр. Отағалары салт жүріп келеді. Әйелдері
де ер адамдар тәрізді салт ат мінген, балалар бір атқа үш-
үштен мінгесіп алған. Тіпті қатаң енелер де астарындағы
аттарын тебіне түсіп, екпіндей жортады. Атты топ қою шаң
құшағында бір сәт ұйлығысып қалды. Артынша желбіреген
қызыл жалаулы далаға ұмсына, аяқтарын үзеңгіге тірей
алдарындағы ғажайып дүниеге көз тігеді. Ғажайып көп
болатын – пойыздар, рельстер, кинооператорлар, бос
жерде аяқ астынан бой көтерген кереге көз асханалар.
Қойма, асхана, кеңсе, монша, жұмысшыларға арналған
тұрғын үйлері бар, дөңгелектердің үстіне құрастырылып
тұрғызылған екі қалашық, екі құрылыс кәсіпорны рельстер-
мен бекітілмеген 20 м шпалдармен бөлініп, мінбенің ал-
дында бір-біріне қарама-қарсы тұр. Осы жерге соңғы рельс
төселетін болады және соңғы шеге қағылады. Оңтүстіктегі
қалашықтың маңдайшасына “Жарайсың, Солтүстік!” деген,
Солтүстіктегінің маңдайшасына “Жарайсың, Оңтүстік!” де-
ген плакат ілінген».
Түркістан-Сібір теміржолы тарихындағы аса
маңызды сәт – Қазақстан жерінде оның екі тармағының
түйісу салтанаты алдындағы оқиға «Алтын бұзау» («Золо-
той теленок») романында осылайша суреттеледі. Автор-
лар Шығыс магистралі деп атаған жолдың өзі хикая фабу-
ласына тегіннен-тегін енгізілген жоқ. Илья Ильф пен Ев-
гений Петров 1930 ж. сәуірдің аяғы мен мамырдың ба-
сында кеңестік және шетелдік журналистер, сондай-ақ
фабрика-зауыттардан шыққан еңбек белсенділері тобымен
Айнабұлақ стансасына (романда – Сарқыраған Бұлақ) – дәл
осы магистральдың ашылуы болатын жерге келеді. Кейіннен
жарияланған олардың «Байқаңыздар! Ғасырлар лебі есті!»
дейтін сатирикалық очеркі романның 3-бөліміне түгелге
жуық кірді. Сюжет ирониялық тәсілмен баяндалғанына
қарамастан, бұл очерк өмір шындығын дәл басып айтуы-
мен ерекшеленді. Авторлар өздерінің өлмес романының
беттерінде біздің өлкемізді мәңгілікке қалдыра оты-
рып, құрылысшылардың энтузиазмын, Түркісіб жеріндегі
жаңаруларды көрсетті.
Сібір темір жолдарын Ташкент-Орынбор магистраль-
імен, Қазақстанды Сібір және Орта Азия аймақтарымен
жалғастырған Түркістан-Сібір теміржолы Қазақстанның
кең-байтақ аумағында экономика мен мәдениеттің
қарқындап дамуына жағдай туғызды. Семейден шыққан
жол Алматы арқылы Луговой стансасына (Жамбыл облы-
ме РСФСР был образован Комитет содействия его строи-
тельству, председателем которого стал видный политиче-
ский и государственный деятель Т. Рыскулов. Начальни-
ком строительства был назначен комдив Красной Армии,
хозяйственный деятель В. С. Шатов. Комитеты содейст-
вия создавались также при СНК Казахской АССР и респу-
блик Средней Азии, губернских и уездных исполнитель-
ных комитетах Советов.
Одним из идейных вдохновителей и непосредствен-
ных участников возведения магистрали был видный полити-
ческий деятель, талантливый инженер Мухамеджан Тыныш-
Алматы теміржол станциясы. 1929 жылғы фотосурет
Железнодорожная станция Алма-Ата. Фотография 1929 года
I...,63,64,65,66,67,68,69,70,71,72 74,75,76,77,78,79,80,81,82,83,...730