От Алтая до Каспия. Атлас памятников и достопримечательностей природы, истории и культуры Казахстана
122. Бокейординский музей-заповедник
бөлек. Қазір ол өзі негізін салған Жәңгір ханның есімімен
аталады,
оның
жәдігерлерінің
ішінде
оқушыларды
сабаққа
шақыратын
қоңырау
да
бар.
Сынып
бөлмесінің
іші
кейінгі
Нарын
«орман»
мектебі
кезеңінің
жиһаздарымен
жабдықталған.
Ордадан 5 км жердегі аласа тепсеңнің үстіндегі хан
қорымы да үлкен қызығушылық тудыратыны рас. Бірнеше
гектарды
алып
жатқан
қорымдағы
құлпытастар
негізінен
нашар сақталған, олардың бетіне өрнекті араб жазуы жа-
зылып,
өсімдік
өрнектермен
безендірілген.
Құлпытастар
жиынтығы да Бөкей ордасының өзінше бір шежіресі болып
табылады, ол әлі де толық зерттеле қойған жоқ. Ал ондағы
өрнектердің өнертанушылар үшін ғылыми маңызы зор.
Мұрағат
мәліметтеріне
қарағанда,
Жәңгір
1845
ж.
Торғын
өзені
бойындағы
жазғы
резиденциясында
қайтыс
болған. Тек бірнеше жылдан кейін ғана орыс үкіметі оның
сүйегін Хан қорымына ауыстыруға рұқсат береді. Хан бейітінің
үстіне бөренеден қиюластырып шатырлы мазар тұрғызылған.
Алайда кеңес өкіметі тұсында мазар бұзылып кетті. Сайқын
мешітінің имамы марқұм Әшенов келушілерге хан кесенесің
төбесін дауыл жұлып әкеткенін айтады екен. Қазақстан өз
тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана Жәңгір ханға биік, әппақ
ақ тастан кесене орнатып, қасына Бөкей ордасының басқа
балаларына
арналған
кесенелер
тұрғызылды.
Ерекше
бөлек
тұрған кесенелердің бірі хандық-ордалық мектептің алғашқы
түлектерінің бірі, белгілі географ, этнограф, қоғам қайраткері
Мұхаммед Салық Бабажанов кесенесі.
Бөкей
ордасында
туған
көптеген
адамдардың
есімі
қазақ даласына мәшһүр болды. Ұлы күйші комозиторлар
сұлтан
Дәулеткерей
Шығайұлы,
Құрманғазы
Сағырбайұлы,
Сейтек
Оразаұлы,
Макар
Жапаровтарды
еске
түсірсек
те
жеткілікті.
Сондай-ақ
Дина
Нұрпейісова,
Махамбет,
На-
уша,
Ғабдол-Хакім
Бөкейханов,
Шәңгерей
Бөкеев,
Ғұмар
Қарашұлы,
Елеусіз
Бұйрин,
Махамбет
Өтемісұлы
секілді
белгілі қайраткерлер халық арасына танымал болды. Ақын
Махамбет Өтемісұлының жалынды жырлары 1836–1838 жж.
Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің рухын
асқақтатты. Көптеген бөкейліктер, сонымен қатар көтеріліс
басшылары да Жәңгір ханның Қамыс-Самар көлі мен жай-
ылымы мол Үлкен және Кіші Өзен тәрізді даулы жерлерді
келімсек
казактарға
бермеу
үшін
жасаған
реформаларын
қабылдай алмады. Қазіргі уақытта Орда мұражайында Ма-
хамбет
пен
Исатайдың
экспозициялары
жанында
Жәңгірді
тұлға
және
реформатор
ретінде
танытатын
көптеген
құжаттар мен хаттар жатыр.
89
Жәңгір хан зиратындағы ағаш кесене.
ХІХ ғасырдың соңындағы фотосурет
Деревянный мавзолей над могилой хана Жангира.
Фотография конца XIX века
Жәңгір хан зиратындағы жаңа кесене.
Хан зираты
Новый мавзолей над могилой хана Жангира.
Некрополь Хан зираты
I...,79,80,81,82,83,84,85,86,87,88 90,91,92,93,94,95,96,97,98,99,...478